Жарнама
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Тәркіленген есірткі жойылды

Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті қызметкерлері заңсыз сауда айналымынан тәркіленген 30 кг салмақты құрайтын есірткіні өртеді. Аса ірі көлемдегі марихуананы жоюға облыстық наркологиялық диспансердің нарколог дәрігері Саян Қалимов, облыстық прокуратураның басқарма аға прокуроры Марат Хабибуллин қатысты.

anu_8799

Аталған департаменттің тергеу басқармасының тергеушісі Шафхат Исімовтың айтуынша, екінші қазан күні заңсыз есірткі жасаған деген күдікпен Атырау қаласындағы Құрманғазы–Тайманов көшелерінің қиылысында «708КЕА01KZ» мемлекеттік нөміріндегі «Ниссан Мурано» автокөлігі тоқтатылады. Көліктің жүксалғышын тексеру барысында сала мамандары жол сөмкесіне салынған 30 кг есірткіні тапты.

anu_8822

Заңсыздыққа жол бергендер мұны Астана қаласынан Атырауға жеткізіп, әрі қарай Ресейге алып өтпек болған. Бірақ, бұл қылмыстың облыс орталығында жолы кесілді.

anu_8828

«Бүгінде жойылған тауардың иелері астаналық Д.Әбілқасымов пен семейлік А.Омаровтың үстінен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұдан басқа ұсталған азаматтардан есірткіні тасымалдау үшін пайдаланған жалған қызметтік куәліктері де алынды» деді Ш.Исімов.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Суретті түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button