Коммунист көрсеткен көмек

Жаңалықтар

Республика көлемінде ұйымдастырылып жатқан «Мектепке жол» акциясына Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясы Атырау облыстық филиалы  да өз үлесін қосты.

Білім күніне орай партия өкілдері Атырау қаласы Ғ.Мүсірепов атындағы №5 орта мектепте болып, аз қамтылған және көп  балалы отбасы балаларына қолдау көрсетті. Шара барысында Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев аталған акция партияның дәстүрлі шараларының біріне айналғандығын атап өтті.

«Жыл сайын республика көлемінде ұйымдастырылып жүрген «Мектепке жол» акциясының  маңызы жоғары. Бұл акция аясында балаларға материалдық көмек көрсетіледі. Жаңа оқу жылында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалы да 10 баланы мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті» деді ол.

Мәлике  МӘЛІК

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған