Жарнама
Жаңалықтар

Тұрғындардың сана-сезімдерінің төмендегі қынжылтады

Күні кеше ғана Жапырық пен Үлкен Ганюшкин ауылдарының арасындағы “Ягодные” өзеніне салынған жаяу жүргіншілер көпірі пайдалануға берілген болатын. Оның салтанатты жағдайда ашылғанын да жаздық. Әдемі көпірдің астындағы тіреулері, жақтаулары металл құрылғылардан жасалып үстіне асфальт төселген. Жапырақ ауылы жақ бетіндегі мінер баспалдақтары қыста тайғақ болмас үшін темір жабындымен көмкерілген. Осы жақ бетінің екі жағында әрқайсысы 25 метрден пандустар бар. Ұзындығы 90 метрлік көпірдің екі жағына 30 жарық шамдары орнатылған. Көптен айтылып келе жатырған мәселе шешіліп, халық қуанышқа кенелген еді. Бірақ…

20246508_1414397978650733_5980385215605907746_n
Ганюшкин ауылдық округінің әкімі Мұрабек Мұғалім аталған көпірдің жарық шамдарын сындырып кеткенін айтып, бірге барып көруге шақырды. Жарық шамдарының екеуін сындырған екен. Округ әкімі біз барысымен көпірге келген жігіт ағасын таныстырып:
— Бұл азамат Ахметжан Молдашев. Жапырық ауылының тұрғыны, Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысушы, ІІІ топ мүгедегі. Ешқандай жалақы төленбесе де халықтың қамын ойлап жаңа көпірдің күзетшісі сияқты қызмет етіп жүр. Шамдарды сындырып кеткенін де бізге дер кезінде хабарлады. Полиция қазір іздестіру үстінде. Мен полиция қызметкерлеріне түнгі уақытта жарық шамдарын қарап қоюды тапсырып отырмын. Алайда көпірді күтіп ұстау бір ғана полиция қызметкерлерінің немесе Ахметжанның міндеті емес. Тұрғындар, ауыл ақсақалдары жастарға ақылын айтып, мұндай қаракетке бармағандары дұрыс екенін ескерткені абзал, — деді.

20228964_1414397115317486_6370574802194778839_n
Сынған жарық шамының сыртқы қорабын суға түсіп алып шыққан Ахметжан Молдашев: — Түнгі 12-ге дейін осы жерде жүрдім. Содан 2-де келсем шамдар сынып жатыр. Күн сайын көпір үстіне жастар жиналып сыра ішеді, фотосуретке түседі. Бұл ауыл тұрғындарының емес, солардың қолынан келген іс. Бала біткенді де көпір үстінен табасыз. Осы жерде түнгі 1-ге дейін ойнайды. Жасы кәмелетке толмағандарға түнгі 11-ден кейін көшеде жүруге болмайтынын ата-аналары біледі. Көпірдің жақтауына шығып, жарық шамдары бағандарынан ұстап тұрады. Қателесіп суға құласа ғой, батып өледі. Мен осыны айтып балаларды бұл жерден қусам ата-аналары ренжиді. “Саған қандай соғады? Неге жайыңа қарап жүрмейсің? Бәрібір саған бұл көпірді қарағаның үшін ақша төлеп жатырған жоқ”, — деп ұрсады. Жалғыз маған емес, бұл бәрімізге ортақ дүние ғой, — дейді ол.

20246034_1414396718650859_6537752307862610196_n
ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырса да кейбір жастарымыздың сана-сезімінің төмендігі қынжылтады. Ештеңе көрмеген, мәдениет дегеннен жұрдай, даму жағынан артта қалған сияқты. Қандай ата-анадан тәрбие алды екен? Туған жерінің көркейгеніне емес, ішіп-жегеніне мәз. Жұрт көзінен тасада жансыз жарық шамдарын сындырғанды ерлік санай ма? Бір жағынан ауыл тұрғындары да Ахметжан сияқты азаматтарға ренжімей, керісінше қолдау білдіргені дұрыс. Жаздың ортасынан астық. Күн болса қысқаруда. Енді бірер айдан кейін қараңғылық сағат 6-да түседі. Сонда жарық шамы болмаса, қыста қараңғыда, әрі тайғақ күндері көпір үстімен мектеп оқушылары, үлкейген ата-әжелеріміз қалай өтпек? Қыста күндіздің өзінде тайып құлап ауруханадан бір шығып жатырғандар бар. Жапырықтың ел жанды азаматтары, ақсақалдары тентектерді тезге салмай қайда қарап отыр? Шамдарды сындырған сайын орынына жаңасын сала беретін бюджет түбі жоқ нәрсе емес ғой. Осы жағын да ойлаған жөн шығар.                                                                                                                                                              

     Қанат ҒҰМАРОВ,

Құрманғазы ауданынан

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button