Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Тәлімі мен тәрбиесі зор болды

«Мәңгілік Ел» құндылықтарын ұстанып, патриоттық рухты айшықтайтын шаралар легінің қатарына Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып облысымызда өтіп жатқан «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты эстафеталық мега-жобасының айрықша орны бар.

%d1%82%d3%99%d0%bb%d1%96%d0%bc%d1%96-%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d1%82%d3%99%d1%80%d0%b1%d0%b8%d0%b5%d1%81%d1%96-%d0%b7%d0%be%d1%80-%d0%b1%d0%be%d0%bb%d0%b4%d1%8b

Аталған мега-жобасы аясындағы шаралар Индер топырағына да келіп жетті.

Атырау-Индер тас жолының қос аудан шекарасы тоғысар тұсында махамбеттіктерді қарсы алу рәсімі қазақы дәстүрге сай ұйымдастырылды.

Қазақ елінің көк байрағын желбіреткен ақ түсті жиырма бес көлік сап түзеді. Осы күні қыс хабаршысындай болған ақша қар да қылаулай бастады. Бұл ежелден ауылы аралас, малы қоралас байырғы көршілерге деген көңілдің пәктігін, ниеттің ақтығын сездіріп тұрғандай-ақ. Махамбеттік қонақтарды Индер ауданы әкімінің орынбасары Әлиполла Балахметов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Бағдат Сапаров бастаған өкілдер мен ұлттық киім киінген жастар қарсы алды.

Бұдан соң мега-жобаның символикалық эстафетасын Дендер жеріне жеткізуші  махамбеттіктер  аудан орталығы – Индерборға қарай бет түзеді.

Аудан орталығындағы «Көктем», «Шығыс», «Болашақ», «Барлаушы» сынды бірнеше ықшамаудандарымен ажарланған, Еуропа мен Азия құрлығын жалғастырып тұрған көлік көпірі салынып, үш бірдей орта мектеп, мәдениет үйі, спорт-дене  шынықтыру кешені бой көтерген Индербор кентіне кіре берістен қонақтарды аудан әкімі Серік Арыстан, өндірістік кәсіпорындар мен аудандық мекемелер, әлеуметтік сала басшылары және  ауданның Құрметті азаматтары қарсы алып, игі тілектерін арнады.

Ақ Жайықтың қос қапталын жағалай мекен еткен көршілес аудандар өкілдері алдымен аудан орталығы – Индербор кентінің Махамбет көшесіндегі  балалар спорт алаңының ашылу салтанатына қатынасты. Мұндай алаң аса көрнекті мемлекет және саяси қайраткер Дінмұхамед Қонаевтың есімімен аталатын көше бойында да салынып, жиналған көпшілік спорт алаңының тұсаукесеріне куә болды.

Мега-жобаға қатысушы көліктер керуені бұдан соң айналма жол арқылы кенттің Қорғантау, Қ.Тұхфатов көшелері бойымен жүріп өтті. Олар өткен жылы пайдалануға берілген Жеңіс бағына аялдады. Демалыс бағында 25 жас, 25 ардагер, 25 бюджеттік сала қызметкері тал шыбықтарды отырғызуға қатысты.

«Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты мега-жобасының символикалық эстафетасын индерліктерге тапсыру салтанатына қатысушылар «Борат» мәдениет үйі алдындағы соғыстан оралмаған боздақтар ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ағалар ерлігіне бас иді.

Соғысқа  ауданнан төрт мыңға жуық азамат аттанып, оның екі мыңнан астамы мәңгілік майдан даласында қалды. Облыстық ішкі саясат, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармалары, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және Махамбет, Индер аудандары атынан қасиетті орынға гүл шоқтары қойылып, боздақтар бір сәт еске алынды.

Мәдениет үйі фойесінде қонақтар мен шараға қатынасушыларды аудандық балалар өнер мектебінің «Дендер сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі әнмен қарсы алды.

%d1%82%d3%99%d0%bb%d1%96%d0%bc%d1%96-%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d1%82%d3%99%d1%80%d0%b1%d0%b8%d0%b5%d1%81%d1%96-%d0%b7%d0%be%d1%80-%d0%b1%d0%be%d0%bb%d0%b4%d1%8b-2

Көрмеде аудандық оқушылар шығармашылығы орталығы дайындаған түрлі құрастырмалы бұйымдар, тоқыма заттар орын алды. Ауданның Тәуелсіздік жылдарындағы табыстары мен жетістіктері де келушілер назарын өзіне аударды.

Сән салтанаты келіскен сахнадағы алып экраннан еліміздің әр саладағы жетістіктері жарқырай көрінді. Жиналған көпшілікті Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтау үшін аудан әкімі Серік Арыстан сөз алды.

— Эстафета ең алғаш Құрманғазы ауданынан бастау алса, исатайлықтар жалғастырып, енді міне, көршілес махамбеттіктер тәуелсіздік эстафетасын қасиетті Дендер өлкесіне жеткізіп отыр. Махамбет ауданының әкімі Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы бастаған делегацияға «қош келдіңіздер» айтамын. Эстафетаны қабылдап алғаннан кейін бір апта бойына ауданымызда мега-жобаға сәйкес шаралар өткізу жоспарланып отыр. Осы арқылы біз Тәуелсіздігіміздің құндылықтары мен осы кезеңде жеткен жетістіктерімізді ой елегінен өткізіп, алда атқарылатын істерімізге болжам жасаймыз. Баршаңызды Индер ауданында Тәуелсіздіктің Ұлы тойының басталуымен шын жүректен құттықтаймын, — деді ол.

Тәуелсіздік жылдарында аудан дамуына үлес қосқан бір топ еңбек адамдарына Алғыс хаттар табыстады.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева сөз алып, барша аудан тұрғындары мен қонақтарды облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атынан Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады.

— Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында жыл басынан бері облыс аумағында 400-ден астам шара өткізілді. «Ел шежіресі – жер шежіресі», «Атырау мұнай және газ» аймақтық көрмесі, патриоттық әндер фестивалі, облыс жастарының форумы, «Мерейлі отбасы», «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін насихаттау мақсатындағы үгіт пойызы, Астанада өткен «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты жалпы республикалық акциясы аясында Атырау облысының Астанадағы күндері, тағы да басқа көптеген мазмұнды шаралар атап өтілді.

%d1%82%d3%99%d0%bb%d1%96%d0%bc%d1%96-%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d1%82%d3%99%d1%80%d0%b1%d0%b8%d0%b5%d1%81%d1%96-%d0%b7%d0%be%d1%80-%d0%b1%d0%be%d0%bb%d0%b4%d1%8b-3

Облыста өтіп жатқан мега-жоба эстафетасы барысында Құрманғазы ауданының – 19, Исатай ауданының – 7, Махамбеттің 10 ауылдық округі қамтылды. Ендеше, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз тыныш, халқымыз аман болғай!» деді Әсия Баянқызы.

Бұдан соң Махамбет ауданының әкімі Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы сөз алды. Ол Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай көпшілікке игі тілегі мен бүгінгі қабылдауға ризашылығын айтып, «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» эстафетасының ең басты символы – Бәйтерек белгісін аудан әкімі Серік Арыстанға салтанатты жағдайда табыс етті.

Өз кезегінде қос ауданның әкімдері арнайы құттықтау хат және ескерткіш сыйлықтармен де алмасты. Сонымен бірге, өзге ұлттар мен ұлыстар өкілдері атынан «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің мүшесі Раиса Биткова, ұйғыр мәдени орталығының мүшесі А.Алиев те сөз алып, индерліктерді Тәуелсіздік тойымен құттықтады. Сондай-ақ, қонақтар аудан тұрғындары Р.Өтесбаева, М.Табылдиева және А.Жүсіпқалиеваға қайырымдылық көмектерін көрсетіп, бағалы сыйлықтарын ұсынды.

Шараға қатысушыларды Махамбет ауданының Құрметті азаматы Мәндірғали Оразғалиев құттықтады.

— Бүгінгі Индер ауданы өнерпаздарының ұсынған концерттік бағдарламасы мен үшін көптен бір тыңдамаған өнер болды. Сол үшін де ризамын. Әсіресе, сахналық көріністерді ұйымдастырушыларға көп алғыс айтамын, — деді ол.

Бұл концерттік бағдарламаны республикалық байқаулардың жеңімпазы Еркін Әубәкіров бард-ақын Табылды Досымовтың «Арнауымен» ашса, республикалық байқаудың лауреаттары «Шашу» және «Әсем-ай» ансамбльдерінің биші қыздары «Наз» бен «Сағым даланы» тербелтіп, сахнаны тіпті құлпыртып жіберді.

Шара барысында Ақжайық  халық театры актерлері дайындаған көрініс өте сәтті  шықты. Қойылым жетекшісі Аида Аманғалиқызының режиссерлік шеберлігін анық байқауға болады.

Мәдени шара жиналған жұртшылықтың «Атамекен» әнін қосылып шырқаумен аяқталды.

Дене шынықтыру және спорт кешенінде волейболшылар бәсекеге түсіп, мереке көрігін қыздырып жатты.

Сүйеу ХАЛЫҚОВ.

Суреттерді түсірген автор.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button