Жарнама
БілімЖаңалықтар

«Құтқарушылар жұмысы – балалардың көзімен»

Құтқарушылар күніне орай Атырау қаласындағы Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясының оқушылары арасында сурет сайысы өтті. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған шараға 37 оқушы қатысты.

dsc_0608

Сайыскерлер «Құтқарушылар жұмысы – балалардың көзімен» тақырыбында өрт сөндірушінің жұмысын, түрлі апаттар, адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету қызметтерін сурет арқылы бейнеледі. Жарысқа қатысушылардың шеберліктері назарға алынып, қорытындысында үшінші орынға Зарина Асанова ие болды. Екінші орын Гауһар Қаражігітоваға бұйырса, жеңіс тұғырынан Мәдина Жолдасқали есімді оқушы көрінді.

«Жас суретші» номинациясы бойынша Гүлнұр Мәлік марапатталды. Ең үздік салынған суреттер аталған департаменттің мұражайына алынды.

dsc_0514

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button