Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Сындарлы саяси дода

Бұл күндері еліміздің қоғамдық-саяси алаңында Парламент Мәжілісі депутаттарын мерзімнен бұрын сайлау бастамасы қызу талқылануда. Қоғамдағы саяси-әлеуметтік үрдістердің жаңаруын еліміздің тұрғындары Қазақстан Республикасы Парламентiнің Мәжiлiсi мен жергілікті мәслихаттардың депутаттарын сайлау науқанымен байланыстырып, үлкен үмітпен қарайды.

Жиырма жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан Республикасында Парламент депутаттарын айқындау əдісі бірнеше рет өзгертілді. Ең алғашқы болып мажоритарлы жүйе қолданылса, одан кейін аралас жүйе енгізілді. Қазір заң шығарушы орган өкілдері пропорционалды əдіс арқылы сайланады. Мұндай жүйе дүние жүзінің көптеген дамыған елдерінде қолданылады жəне нəтижесі де жаман емес. Пропорционалды жүйе – саяси партияның жинаған дауыстары мен жеңіп алған мандаттары арасында пропорционалдылық принципіне негізделетін сайлау жүйесі. Өкілді органға үміткерлерді тек партиялар ғана ұсына алады.

Сайлаудың пропорционалды жүйесі үміткерлердің тізіміне байланысты екіге бөлінеді: ашық жəне жабық. «Ашық тізімде» сайлаудың əдісіне байланысты бір немесе бірнеше үміткерге дауыс беріледі немесе партиялық тізімдегі үміткерлердің реттік орны анықталады (Финляндия, Бразилия, Нидерланды). «Жабық тізім» жағдайында сайлаушылар тек партиялық тізім бойынша дауыс береді (Еуропарламент, Израиль, ОАР, 2007 жылдан бері Ресей). Қазақстан Республикасы Конституциясының 95-бабының 2-тармағына сəйкес, Парламент Мəжілісі депутаттары партиялық тізім негізінде сайланады, яғни пропорционалды жүйенің ішіндегі «жабық тізімі» қолданылады.

С о н д а й — а қ п р о п о р ц и о н а л д ы жəне мажоритарлы сайлау жүйесінің қосындысынан тұратын аралас сайлау жүйесі бар. Аралас сайлау жүйесінде бүкіл мандаттардың тек бір бөлігі партиялық тізіммен, қалған бөлігі жекелеген үміткерлерге дауыс беру жолымен айқындалады. Парламент сайлауы кезінде сайлаушылар жекелеген тұлғаға жəне партияға екі бөлек дауыс беріп отырды. Қазақстанда аралас сайлау жүйесі алғаш рет 1999 жылы Парламент Мəжілісі сайлауында қолданылды. Сайлаудың нəтижесі бойынша, партия өкілдеріне 77 орыннан 10-ы берілді. Екінші рет бұл жүйе 2004 жылы жалғасты.

Одан соң, 2007 жылы Ата Заңымызға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, Парламент Мəжілісі депутаттарын сайлауда пропорционалды сайлау жүйесі қолданылатын болып шешілді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында жасаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» тақырыбында х а л ы қ қ а а р н а ғ а н Жо л д ау ы н д а «Мəслихаттарға ондаған жылдар бойы өз шешімін таппайтын аймақтың дамуын тежейтін проблемаларды шешу үшін қол жинау жəне петициялар жасау функциясын беруге болады деп санаймын» деп атап көрсеткен болатын.

Сөйтіп, сайлаудағы халық сенімінің заңды өкілеттіктермен қамтамасыз етілуі сайлаушылар санасына зор сенім ұялатты. Сонымен алда өткізгелі отырған Қазақстан Республикасы Парламентi Мəжiлiсi мен жергілікті мəслихаттар депутаттары сайлауының ерекшелігі елеулі болмақ. Бұрынғыларымен салыстарғанда, аталмыш сайлаудың ерекшелігі – кезектен тыс жағдайда емес, заң талаптарына сай, заңмен белгіленген уақытында өткізілуі. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңының 3-бабына сəйкес, «Қазақстан Республикасы П а рл а м е н т i М ə ж i л i с i н i ң ж ə н е мəслихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бiрдей, тең жəне төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi».

Еліміздегі саяси өмірдің ағымы формализм белгілерінен арылып, легитимді түрде өтетін сайлауға бет бұрып, сайлаушылардың конституциялық құқығы мен бостандықтарын қатаң сақтай отырып, саяси шараны демократиялық принциптер негізінде өткізуге бетбұрыс жасау қажеттігін талап етуде. Тоқтала кетер бір жайт, қазірде елімізде қалыптасқан күрделі эпидемиологиялық ахуалға қарамастан, алдағы сайлау жаңаша жағдайда, партиялық тізімге сай өткізілетін болғандықтан, додаға түскелі отырған саяси партиялар оған белсенді дайындық жасап жатыр. Əзірлікке берілген уақыттың мейлінше ұзақ мерзімді қамтуы, соған байланысты тыңғылықты дайындалуға мүмкіндіктің молдығы да бұл жолғы сайлау айырмашылығы болып табылады.

Сонымен қатар, сайлауда барлық тұрғындарға тең мүмкіндіктер беру көзделген. «Nur Otan» партиясы өткізген праймеризге (ішкі партиялық іріктеу) қатысушылардың дені жастар болса, партия тарапынан əйелдер мен жастарға отыз пайыздық теңгерімнің қарастырылуы аталмыш əлеуметтік топтар өкілдеріне алдағы сайлауда кең мүмкіндіктер береді. Өткізілген праймериз, тек қана аталған партия тарапынан қарастырылған шара бола тұрса да, келешекте бұл үрдістің өз жалғасын табатынына сенім мол. Бүгінде барлық партиялардың үгіт-насихат жұмыстары, сайлауалды бағдарламалары жасақталуда. Сайлау заңдылығына сəйкес, саяси дода аламанының мəресіне де бүкілхалықтық сенімге ие болып, топ жарған саяси партиялар жетуі тиіс.

Бүгіндері сайлауға дайындықтың қарқын алуына байланысты, халықаралық бақылаушы органдар, түрлі демократиялық институттар жіті назар аударуда. Сайып келгенде, бұл сайлау қазақстандықтардың мемлекеттік жəне жергілікті басқару органдарына сайлау жəне сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделетін болады.

Əділбек ТҰРДАЛИЕВ,

тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, «Nur Otan» партиясы Атырау қалалық филиалы жанындағы бақылау комиссиясының төрағасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button