Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өткізген брифингте осы мәселе талқыға түсті.

jemkorlik

Аталған департамент басшысының орынбасары Руслан Тұңғышбаев бұл орайда үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыстар туралы баяндады.

– «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыруға баса көңіл бөлінуде. Осыған орай, департамент үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен іс-шаралар жоспарын жасақтады. Биыл алты айда 200-ден астам шара ұйымдастырылып, оған 11 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, облыста мобильдік топ өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда сегіз мыңдай адам аталған топ мүшелерінің кеңесіне жүгінген, — деді Руслан Тұңғышбаев.

Айта кетсек, бірлескен жұмыстардың нәтижесінде тоғыз мекемеде сараптау жүргізіліп, сыбайлас жемқорлық қаупін туғызатын 20 жағдай тіркелді, 47 ұсыныс берілген. Қазіргі таңда соның төртеуі орындалды. Сондай-ақ, департамент үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп жұмыс жасайтын мониторинг тобын құрған.

– Сыбайлас жемқорлық – өте күрделі және өзекті мәселе. Бұл орайда көп мәселе заң жобаларына байланысты. Сондықтан, заң жобасын дайындау процесіне сарапшыларды қосуды ұсынамын. Біздің басты мақсатымыз – қоғамдық жұмыстар арқылы халықтың тұрмысын жақсарту. Бүгінгі күні біз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, пәтер иелері кооперативтері, денсаулық сақтау, білім беру мәселелеріне баса назар аударып отырмыз, — деген «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының президенті Зәуреш Батталова Грузия, Финляндия, Молдова елдерінің тәжірибелері туралы да баяндады.

Айгүл Ертілеу

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button