Суицидтің алдын алуға арналған семинар

screenshot 34 Жаңалықтар

Бүгін APEC Petro technic жоғарғы колледжі ғимаратында Атырау облысының ішкі саясат басқармасы және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Әлеуметтік бағдарламалар орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Суицид және оның алдын-алу тетіктері» атты семинар басталды.

Аталған іс-шараға облыс  мектептері,  орта кәсіби және жоғары оқу орындарының 52 психолог және педагог мамандары қатысып, жасөспірімдер арасындағы суицидтік әрекеттердің алдын алу, олармен жеке жұмыс жүргізу бойынша теориялық және практикалық дәрістер алып жатыр.

screenshot 35

-Қазіргі уақытта суицидтік мінездің қалыптасуында биологиялық, клиникалық немесе әлеуметтік-психологиялық факторлардың жеке қарастырылуы өткенге кетіп, биопсихоәлеуметтік модель басымдық ала бастады. Яғни, суицидтік мінез-құлық биологиялық, әлеуметтік және психологиялық факторлардың өзара әрекетінің нәтижесі, – деді дәріс жүргізуші өз-өзіне қол жұмсауға бейім жасөспірімдермен жұмыс тәжірибесі мол психолог маман Орынгали Ерниязов.

Семинар екі күн бойына психологтар мен педагогтардың біліктілігін арттырып, жастар арасындағы аталған мәселені жоюға үлкен әсері болары анық.

Салтанат Сансызбай

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз