ЖАҢА портал: «www.atamekenim.kz»

oplp Білім

Atr.kz/2 тамыз, 2019 жыл. «Мектепке жол» акциясы аясында «Атамекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталы құрылды. Мұнда көмекке мұқтаж әрбір ата-ана  өз өтінімдерін қалдыра алады.

Облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Алмагүл Қайырлиеваның айтуынша, демеушілер мен меценаттар ақшалай қаражатты онлайн аударып, осы портал арқылы көмек көрсетеді.

«Бұл платформа жыл бойы жұмыс жасайды. Ата-аналардан немесе оларды алмастырушы тұлғалардан түскен өтініштер ұлттық білім беру дерекқорының мәліметтерімен салыстырылады. Одан кейін көмек атаулы түрде бөлінеді»  дейді ол.

Оның айтуынша, көмек көрсетудің дәстүрлі әдістері де жалғасады. Сондай-ақ, балалардың құқықтарын бұзу фактілері бойынша жедел әрекет ету және шаралар қабылдау үшін «Телеграмм» мессенджерінде «BALA QORǴAÝ» («https://t.me/bala_qorgau) чаты құрылды.

– Ендігі уақытта ата-аналар мен педагогикалық қоғамдастық арасында «Мектепке жол» платформасы мен телеграмма-чат қызметі туралы кеңінен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ата-аналарға осы платформада өтінім толтыруда көмек көрсету үшін әлеуметтік педагогтар қатарынан білім беру ұйымдарында жауапты мамандар белгіленеді, – деді Алмагүл Бахқызы.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

«Мектепке жол» платформасын толтыру бойынша іс-қимыл алгоритмі

  • 1-қадам. Мекен-жай өрісінде «www.atamekenim.kz» деп теру
ropop
  • 2-қадам. «Мектепке жол» қойындысын таңдау
oplp
  • 3-қадам. «Өтінім беру» қойындысын таңдау және алаңдарды толтыру.
gneshgn
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз