Сайлау ашық та әділ өтетініне сенемін

screenshot 10 11 Жаңалықтар

Сайлау күні Атырау қаласындағы №30 дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия ғимаратында орналасқан №15 сайлау учаскесіне келушілердің көп екендігін байқадық. Саяси іс-шара байқаушылардың қадағалауымен өз деңгейінде өтіп жатты.

 «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалынан келген байқаушы Гүлжайнат Ерболатованы да сайлау учаскесінен кездестірдік.

  –Бүгін еліміз үшін аса маңызды оқиға. Осы бір тарихи сәтте сайлауға байқаушы ретінде қатысып, оның әділ өтуіне өз үлесімді қосып отырғаныма қуаныштымын. Таңғы 7-ден бері қарай қадағалап отырғанымыз сайлау ашық, еліміздің құқықтық нормаларының талаптарына сәйкес, заң аясында өтіп жатыр. Әрбір адамның өзінің таңдауын жасауда. Бүгінгі саяси доданың әділ өтіп, өз мәресіне жететініне сенімдімін.

Ербол Қошақанов

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз