Атырау қаласының әкімі ғасыр жасаған ананы мерейтойымен құттықтады

347229131 758032896068767 3342701463184596495 n Жаңалықтар

Атырау қаласының тұрғыны, тыл ардагері Сәлима Харесова анамыз 100 жасқа толды. Бүгін қала әкімі Мейірім Қалауи мен қалалық мәслихат төрағасы Нұрбол Құрман қазыналы қарияның шаңырағында болып, мерейтойымен құттықтады.

Өнегелі өмір иесі, ғасыр жасаған әжеміз тек бір әулеттің емес, бір рулы елдің асыл анасы. 4 баладан 6 немере, 17 шөбере, 3 шөпшек сүйіп, тәлім-тағылымын үйретіп, өмір жолын өнеге етіп келеді. Бүгінде Сәлима ананың тылдағы және бейбіт өмірдегі еңбектері еленіп, «1941-1945 ҰОС жылдардағы ерен еңбегі үшін» медалі және Ұлы Отан соғысының мерекелік медальдарымен марапатталған.

349019031 1449344639225100 106498540239787400 n

100 жыл бойы елдің басынан өткен талай нәубетті көрген қазыналы қарт ана мерейтойымен құттықтаған қала басшысына алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Кездесуде қала басшысы бүгінгі жарқын жетістіктер қазыналы қарттарымыздың еселі еңбегінің жемісі екенін айтып, жас ұрпаққа бағдар болған қариялардың ғибратты ғұмыры ұлағатты ұрпақтың өнегесіне айналғанын жеткізді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз