СУДЬЯЛАРҒА – ЖАҢА АВТОКӨЛІКТЕР

Мерекелік шарада сөз алған облыс әкімінің міндетін атқарушы Ғұмар Дүйсембаев былай деді: «Шаруасы түскендер - «ақиқат - арым, әділет - заңым» деп, сіздерге жүгінеді. Сондықтан, халықтың қалауын заң аясында реттеп отыру – жауапты жұмыс. Қазіргі кезде облыс басшылығы құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық мүмкіндіктерін нығайту үшін оларға жан-жақты жағдай жасауда. Биылдың өзінде облыс бюджетінен бөлінген қаржыға 160 отандық автокөлік алынды. Оның 55-ін облыстың ішкі істер департаментіне бердік. Осылайша сақшылар 143 автокөлікпен қамтылды. Ал, күні кеше Атырау облыстық прокуратурасына отандық он «Нива-Шевролет» автокөлігін табыстадық. Міне, бүгін тағы он отандық көлікті сіздерге бергелі тұрмыз». 

 

Осылай деген Ғұмар Дүйсембаев облыс әкімінің Бақтықожа Ізмұхамбетовтың атынан дайындалған Алғыс хатпен өкілдеріне еңбегімен еленген бір топ қызметкерді марапаттады. Облыстық соттың бөлімшелері өкілдеріне қызметтік он автокөліктің кілтін салтанатты жағдайда табыс етті.
Өз кезектерінде Атырау облыстық сотының төрағасы Мұхтар Смағұлов, Атырау облысы бойынша судьялар одағының төрағасы, Атырау қаласы бойынша мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Базарғали Қадырғалиев сөз алды. Олар осынау шараға жиналған әріптестері мен көпшілікті Ата Заң күнімен құттықтап, облыс басшылығына зор ризашылықтарын білдірді.

Лиза СЕЙТІМОВА.
Суреттер
Ерлан АЛТЫБАЕВТІКІ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз