АТЫРАУДА ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ 77 МЛН ТЕҢГЕ ГРАНТ БЕРІЛДІ

depositphotos 62498579 m 2015 1024x1024 1 Жаңалықтар

«Өткен жылы Атырауда 24 жас кәсіпкерге 77 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілді» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 49 жас несие алды, 24 жас қайтарымсыз грант иеленді. «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы шеңберінде былтыр республикалық бюджет есебінен 55 жас маман бюджеттік несие алды, 130 жас маманға көтерме жәрдемақы берілді. Биыл «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында 49 жас маманға бюджеттік несие, 100 жас маманға көтерме ақы беріледі деп күтілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз