ЖҮРЕКТЕРГЕ ШАПАҒАТ НҰРЫН ҚҰЙҒАН…

 Құрметті облыс педагогтары,

білім беру саласының ардагерлері!

 

Баршаңызды кәсіби мереке – Ұстаздар күнімен құттықтаймын!

Ұстаз мамандығы – елдегі ең қадірлі, ең мерейлі, әрі аса жауапты қызмет.

Сіздердің қолдарыңызда қоғамымыздың болашағы, жас ұрпақтың тәлімі мен тәрбиесі тұр. 

Елбасымыздың «Сарқылмайтын, терең бойлаған сайын еселеп арта беретін бір байлық бар. Ол – білім»деген ғибратты сөзі бар. Адам тәрбиесімен, білімімен сұлу.

Осы жолда әр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгіп жүрген ұстаз еңбегі шексіз.

Ерекше ризашылығымды өздерінің бар ғұмырын, білімі мен тәжірибесін осы ежелгі мамандыққа арнаған ардагерлерімізге, бүкіл ұстаз қауымына арнаймын.

Сіздердің кәсіби шеберлік пен төзімділігіңіз, адамдарға деген сүйіспеншілік пен құрметіңіз,  балаларға деген махаббатыңыз тәуелсіз еліміздің зияткерлік әлеуетін арттырып, тұғырын биіктете берсін.  

Кәсіби мереке күні баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін!

Талантты шәкірттеріңіз көп болсын!

Құрметпен,

Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ.

 

*Редакциядан:

 

Ертең Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрында «Нұрлы болашақ» атты облыс педагогтарының форумы өтеді.

Форум аясында облыстық білім беру саласының ардагерлері, ұстаздар әулеті ұлығыланады. Аталған саланың дамуына үлес қосқаны, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі жетістіктері үшін бірқатар білім беру қызметкерлері Білім және ғылым министрлігінің құрметті атақтарымен және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталады. Сондай-ақ, облыстық мектептер, қала, аудандық білім беру бөлімдерінің жоғары жетістіктері жан-жақты сараланып, озық тәжірибелері таратылады.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз