Жарнама
Жаңалықтар

Судағы қауіпсіздікті сақтамағандарға 3,5 млн. теңге айыппұл салынды

Облыс көлемінде судағы қауіпсіздік ережесін бұзғандарға 492 хаттама, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 364-бабы 1-бөлігі бойынша — 210, 440-бап бойынша — 215, 582-бап бойынша – 9, сондай-ақ 412-бап бойынша — 58 хаттама толтырылды.

Бұл туралы Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Ардақ Өтенов баспасөз мәслихатында мәлім етті, -деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс аумағында шомылуға тыйым салынған 70 қауіпті учаске бар. Аталған орындарда халықты ескерту мақсатында облыс бойынша 266 тыйым салу белгісі және 12 ақпараттық стенд орнатылған.

Спикердің сөзінше, мұздың қалыңдығы 25 сантиметрден кем болған кезде мұз астында балық аулауға, мұз бетімен жүруге тыйым салынады. Құтқарушылар тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

– Жыл басынан бері күнделікті атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, биыл жыл басынан бері 13 адам су айдындарында қаза тапты, оның ішінде 8-і бала. Өткен жылдың осы кезеңінде 12 адам қаза тапты, оның ішінде 3-уі кәмелетке толмаған. Күн сайын рейдік іс-шара ұйымдастырылады. Алдын алу жұмыстарының нәтижесінде 10 адам құтқарылды, — деді А.Өтенов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button