Жарнама
"ATYRAÝ"-ға 100 жыл!ЖаңалықтарШаһар шырайы

90 жастағы әжей – жеңімпаз!

«Қазпошта» АҚ Ұлттық пошта операторы өздерінің 25 жылдық мерейтойларына орай компания қызметін пайдаланып, зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақыны алушылардың арасында «Kazpost-тан сыйлықтар жылы» акциясын жыл бойы өткізіп келеді.

Акция

«Қазпошта» АҚ-ның «Сенім» қызметі бойынша зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақының кез келген түрін алу үшін ағымдағы немесе карточкалық есеп-шот аштырған барлық тұтынушылары аталған акцияға қатысу мүмкіндігіне ие болып отыр. Акция барысында ұтысқа тұрмыстық құрал-жабдықтарды алуға арналған 50 мың теңге мен 200 мың теңге арасындағы қаржылай сыйақылар қарастырылған.

«Kazpost-тан сыйлықтар жылы» акциясының Құрманғазы аудандық пошта байланыс торабында 30 маусым күні Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай өткізілген екінші кезеңінде 90 жастағы атыраулық әжей Қибат Бердиева жеңімпаз атанып, 200 мың теңгенің сыйақысына ие болды.

25 немере мен 46 шөберенің әжесі, тоқсанның төріне шықса да өзін әлі тың сезінетін Қибат әжей «Қазпошта» қызметкерлеріне алғысын жаудырып, ақ батасын берді.

Нұрсұлтан МЫҚТЫБАЙ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button