Жарнама
Жаңалықтар

Өткеннен сабақ алмай, жарқын болашақ жоқ

Тәуелсіздігіміздің алтын бесігіне айналған Алматы қаласынан «Қасіретті қаңтар» құрбандарын еске алуға арналған «Тағзым» мемориалдық кешеннің ашылуы — өте құптарлық іс. 

Еліміздің егемендігі сынға түскен қиын-қыстау кезеңде Жаратқанның өзі қазақ халқына қолдау көрсетіп, іргемізді бүтіндеп, аман сақтап қалдық. Іштен ірітіп, тұтастығымызға тұсау салғысы келген арандатушы топтар құрықталды. Міне, содан бері бір жылға тарта уақыт өтті. Бірақ осы жолда көптеген боздақтарымыз құрбан болды.  Енді, олардың рухы шат болуы үшін бас қаламыздың төрінен осындай мемориалдық кешеннің тұсауының кесіліп, оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  қатысуы – ел тарихындағы елеулі оқиға.

«Қаңтар оқиғасы» өсіп келе жатқан ұрпақтың да жадында қалуы тиіс.  Бүгінгі кешен – соның бір айқын дәлелі. Өйткені өткеннен ащы сабақ алмай, біз жарқын болашаққа батыл қадам жасай аламыз.

Меңдібай Хайруллин,

Еңбек ардагері,

Атырау қаласы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button