Жарнама
Жаңалықтар

Су тасқынына тосқауыл: Қызылқоғада қауіпті аймақтар қалай қорғалуда?

Қызылқоға ауданында көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілді. Ойыл өзенінің биыл да арнасынан асу қаупі бар. Сол себепті өңір бойынша қауіптің алдын алу шаралары қарқынды жүріп жатыр.

ebfd297e 7076 4559 8d91 c09a6c75d2f6

Қызылқоға ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір 9 ауылдық округте 50,8 шақырым бөгет нығайтылған. Бұл жұмыстар Ойыл, Сағыз және Ноғайты өзендерінен төнетін қауіптің алдын алуға бағытталған.

Аудандағы ең қауіпті аймақ – Миялы ауылы. Мұнда бөгеттерді бекіту үшін 11 техника жұмылдырылды. Сағыз ауылында Ноғайты өзенінің 4 шақырым жағалауы бекітіліп, 1 шақырым өзен арнасы тазартылды. Бұған қоса, Ноғайты өзенінің жағалауын бекіту үшін 18 техника, ал Ойыл өзенінің 5,6 шақырым арнасын тереңдету және тазарту жұмыстарына 26 техника тартылды.

Инфрақұрылым жүйелерін су басудан қорғау мақсатында елдімекендердегі қосалқы станциялар, трансформаторлар мен электр бағаналарының айналасына бөгеттер салынды.

Өңір тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ететін “Қарасу” аумағында бүгінде 11 ауыз су ұңғымасы тұрақты жұмыс істеп тұр. Су тасқыны қаупіне байланысты 8 ұңғыма маңында арнайы қорғаныс бөгеттері тұрғызылып жатыр.

– Ауданда төтенше жағдайларға дайындық жоғары деңгейде. Қазір 142 адам, 64 техника, 6 жүзу құралы және 91 мотопомпа кез келген жағдайға әзір. Сонымен қатар 66 мыңнан астам қап, 24 уақытша орналастыру пункті және 18 тонна жанар-жағармай қоры дайындалған. Өткен жылы тасқынның алдын алу үшін арнайы жабдықтар мен 6 жаңа техника сатып алынды, — дейді Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Жанас Қожырбаев.

Ауданда су тасқынына қарсы жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Қауіпті аймақтар қатаң бақылауға алынып, кезекшілік ұйымдастырылған. Тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтау және төтенше жағдай қызметінің нұсқауларына құлақ асу қажеттілігі ескертілді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Қызылқоға ауданы


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button