«Жедел жәрдемдегі» БІР КҮН

snimok 10 Жаңалықтар

Медицина қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында облыстық жедел жәрдем стансасының жұмысымен танысудың мүмкіндігі туды. Жедел жәрдем бригадасының бір күндік қызметі бізді қөп жайға қанықтырды.

Ауладағы қарбалас Облыстық жедел жәрдем стансасына ертелетіп жеткенбіз. Станса ауласындағы сары түсті көліктер мен арнаулы қызметтік киімін киген қызметкерлер б і р д е н к ө з і м і з г е т ү с т і . Қаланың әр қиырында тұратын олар кезекшілік міндеттерін осы жерден бастайды екен. Жауапкершілігінің жүгі ауыр мамандық иелерінің қызметтері қауырт. Стансадағы қарбалас о л а р д ы ң ж ұ м ы с т а р ы н ы ң қанша лықты қиын екенін байқатады. Сонымен, бір күнімді ковидке қарсы №1 бригаданың құрамында атқаратын болып келістік. Бригаданың фельдшері Мирас Мұханбетов қаладағы м е д и ц и н а л ы қ ко л л е д ж д і тәмамдаған. Ол біздің түрлі сауалымызға асықпай жауап беріп отырды.

– Шақырту түспейтін кез бола ма?

– Әр кезде әрқалай. Бірақ алаңсыз отыруға болмайды.

Мұнан кейін бізді оңай жұмыс күтіп тұрмағанын түсіндік. Арнаулы медициналық көліктегі аппараттарын түгендеп жатқан жас маман бұл салаға жүрек қалауымен келгенін айтып қалды.

– Жұмыс өтілім – үш жыл. Міндетім – диагноз қойып, ем жүргізіп, қажет болса науқасты тәжірибелі дәрігер маманға бағыттаймын. Медицинаның түрлі саласында шұғыл көмек көрсетіп, ауырған адамдарды ауруханаға жеткіземіз. М ү м к і н д і г і н ш е х а л ы қ қ а медициналық тұрғыдан кеңес беріп отырамыз. Жұмысқа келген соң бәріне дайын болуың қажет. Ең бастысы – көмекке мұқтаж адамға дер кезінде жәрдем берілуі керек – деді жас маман.

Дәрігер сөзбен емдейді

Кезекті шақырту да көп күттірген жоқ. Медициналық қ а л д ы қ т а р д ы с а қ т а й т ы н бөлмеден (класс Б) скафандр тәріздес арнайы киім киіп, көлікке асықтық. Басыма мата бас киімді қымтап, бетперде тағып, аяқты тірсекке дейін жауып тұратын бахила, қолға резеңке қолғап киіп алдым. Бахила мен қолғапты буып орап тастайды екен. Оның үстіне діттеген мекенжайға жеткесін көзілдірік тағып алуың керек. Бетперденің ішінен көзілдірік буланып, жүріп-тұруға қиындық келтіреді. Менің қолыма салмағы 5 келіден асатын тасымалды ЭКГ аппараты бар сөмкені ұстатқан. Сонымен кезекші д ә р і г е р – к а р д и о л о г Л ау р а Жанысбаева бастаған топтың соңынан ілестім. Алдымен Авангард шағынауданында о р н а л а с қ а н к ө п қ а б ат т ы үйлердің біріне келдік. Дәрігер науқастың шағымын тыңдаған соң, дене қызуын, қан қысымын ө л ш е п , Э К Г а п п а р ат ы н а түсірді. Анықталғаны, бізге дейін сырқат өз бетінше цефтриаксон ұнтағы мен аспирин дәрісін қабылдаған екен. Дәрігер тексергенде дене қызуы мен қан қысымы қалыпты көрінгенімен ол өзін жайсыз сезініп тұрғанын, үйінен ем алу қолайсыз екенін айтқан болатын. Сол себепті науқасты облыстық №2 аурухананың қабылдау бөліміне жеткіздік. Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Аманжан Сариевтің де осы бригададағы алғашқы жұмыс күні екен. Дегенмен стансада екі жыл еңбек тәжірибесі бар ол әр қызметтің өзіндік қиыншылығы болатынын айтады. Біз мінген «Hyundai» автокөлігі әлемдік стандарттарға сай жабдықтармен, портативті аппаратт армен, ИВЛ-мен, оттегімен, дефибрилляторлармен, бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Бригада коронавирусқа күмәнді науқастарды тасымалдаумен айналысады. Дәрігерлердің барлығы қауіпсіз жұмыс істеуі үшін жеке қорғаныс құралдарымен қ а м т а м а с ы з е т і л г е н . Медициналық құралдармен қамтылған. Жедел жәрдем бригадасы ең алдымен науқастың жағдайын бағалайды. Алғашқы е м – д о м д а с о ғ а н с ә й ке с көрсетіледі. Егер жедел жәрдем шақырған адам өзін жақсы сезінсе, дене қызуы, қан қысымы тиісті деңгейде болса үйінде қалады және учаскелік дәрігердің бақылауына өтеді. Арада көп уақыт өткен жоқ, тағы да шақырту түсті. Бұл жолы Қаныш Сәтпаев даңғылы бойындағы үйлердің біріне қоныстанған өзге қалалардан жұмысқа келген азаматтар денсаулығына шағымданған екен. Олар да дереу облыстық №2 ауруханаға жеткізілді. «Дәрігер дәрімен еме с, сөзімен емдейді» дегендей, бригада қызметкерлері әр науқастың жағдайына алаңдап, саулықтарына тілекші болып, қолдарынан келетін көмектерін жасап жатқанын көзіміз көрді. Бригада мүшелері ар – найы киімдерін әр шақырту сайын өзгертіп отырады екен. Олардың түскі асқа отырғаны сол еді, тағы да шақырту түсті. Тәулік бойындағы кезекшілікте байқағанымыз, науқастардың көбі дене қызуы, іш өту, өкпе қабынуы (пневмония), әлсіздікке байланысты шағымданады екен.

Індеттен сақтанудың амалы

Кезекші дәрігер-кардиолог Лаура Жанысбаеваның айтуынша, бүгінде коронавирустың қаупі әлі сейілген жоқ. «Одан сақтанудың басты амалы – вакцина» дейді ол.

Сонымен қатар ақ халатты жан халықтың тойсадақаға, басқа да көпшілік шараларға баруын тоқтатуы керектігін ескертті. Бригаданың мүшелері алғашқы лекпен екпе алыпты.

– Кейбір адамдар сәл нәрсе үшін бізге хабарласып, дабыл қағады. Керісінше дәл осы сәтте шын мұқтаж науқастарға көмек керек болып жатады. Одан өзге тұрғындардың арасында екпеге әлі де күдікпен қарайтындар көп. Егер біз өзімізді ғана емес, отбасымызды ойласақ мұндай жаңсақ пікірге жол бермес едік. Ауру ошағының ортасында жүргеннен кейін біз мұны жақсы түсінеміз. Тұрғындардың медициналық сауаттылығын арттыру – қажетті іс. Осы арқылы олар сындарлы сәтте сырқатқа алғашқы көмек көрсетіп, адамның өмірін сақтап қалуға септесер еді, – дейді Лаура Жанысбаева.

2 0 ж ы л ғ а ж у ы қ е ң бе к т ә ж і р и б е с і б а р Л а у р а Қырықбайқызы 2011 жылы кезіндегі Оңтүстік Қазақстан облысынан Атырауға отбасымен бірге қоныс аударған. Ол Шымкент қаласындағы жедел жәрдемде жұмыс жасап жүргенде көзі көрген оқиғаны есіне түсірді.

– Әлі есімде, бір жолы әйел адам пойыздың жолымен өтіп бара жатып, рельске аяғын қыстырып алған. Сол сәтте пойыз келіп қалып, оны бірнеше метр жерге ұшырып жіберген. Бұл менің жедел жәрдемдегі алғашқы кезекшілігім еді. С ұ м д ы қ ж а ғ д а й д ы к ө р і п , есімнен танып қала жаздадым. Жұрт қарбаласып жатқан сәтте мен басы мен аяғы жоқ, қ а н жо с а б ол ғ а н а д а м н ы ң ж ү р е г і н е м а с с а ж ж а с а й беріппін… Иә, жұмыс барысында осындай да адам шошытарлық оқиғалар болады, – деді дәрігер.

Жедел жәрдем қызметкерлері шақырту болмаған кезде стансадағы симуляциялық орталықтағы кішкене балалар мен ересек адамдардың манекендері мен жаттығу құрылғылары арқылы тренинг жүргізеді. Осылайша уақыттарын тиімді пайдаланады. Өйткені, өмір мен өлімнің арасында жатқан науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсету өте маңызды. Сондағы әрбір секунд, минуттар сырқаттың тағдырын шешеді.

Бір күні екіншісіне ұқсамайтын «жедел жәрдемдегі» бір күндік қызметім осылай аяқталды. Дегенмен тегеурінді төзімді қажет ететін стансадағы қауырт жұмыс жалғасып жатты.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз