ССЕР компаниясы өз жұмысшыларының балаларына жазғы демалыс ұйымдастырды

3 Жаңалықтар

«Евразия» туристік сауықтыру кешенінде ұйымдастырылған лагерьдің «Жас турист» кезеңінің есебі

         «Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. – Offshore» компаниясының басшылығымен және компанияның кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан Облысы Орал қаласында орналасқан «Евразия» туристік сауықтыру кешеніне 80 баланы апару жоспарланса, 15.07.21–24.07.21ж. күні компания жұмысшыларының  42 баласына демалыс ұйымдастырылды. Балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік 1 топ тәрбиешісі Балқасимова Дамира мен Кажагулова Асель, 2 топ тәрбиешісі Габдуллин Медет пен Аманжол Мөлдірге  жүктелді.

4-1

Лагерь жоспары бойынша алғаш күннен ұйымдастырушылық кезеңде  танысу тренингтері, «Сәлем лагерь», «Х – Фактор», Пародия кеші «КВН», «Қане қыздар», «Робинзон» сайысы, «Евразия ханшайымы және ханзадасы»  ойын байқауы, «Туристік әндер» байқауы, туған күн иесін арналған «Құттықтау» қүні, ауысымның ашылу және жабылу мерекелік салтанатты кештері ұйымдастырылды.  Ауысым барысында топтық шашка, шахмат, тоғызқұмалақ,  футбол,  волейбол, пионербол,тимбилдинг ойындары, бекет бойынша сайыс, интелектуалдық байқаулары өтті. Кесте жоспарына сай  туризм нұсқаушысы Казымов Ш. ұйымдастыруымен өткізген спорттық шаралар қайықпен қыдыру, туризм әліппесі, спорттық лаберинт, евразиялық регата жарысы, топтық және жалпылама шаралар өткізілді. Сыбайлас жемқорлықққа қарсы күрес пен «Біз дені сау салауатты елдің болашағы» атты денсаулық мониторингі жүргізілді.  Ауысым соңында «Қоштасу алауы» барысында  лагер іс-шараларына белсене араласқан балаларды грамотамен, 3 келген балаларға галстукпен 4 рет келген балаларды бейсболкамен, 6 рет келген балаларды термоспен марапаттадық.

1 2 1

Аусым бағдарлама бойынша жоспарға сәйкес өтті. Санитарлық гигиеналық талаптар сақталды. Медициналық қызметкерлер, асхана, су мен қамту, қауіпсіздік жұмыстары, күнтәртібі, тамақатану, нұсқаулық, тазалық жұмыстары күн тәртібіне сай өтті.

2021 жылдың 10 тамыз күні қалған 38 баланы демалдыру жоспарланып отыр.

«ССЕР» компаниясының кәсіподақ ұйымының төрағасы  Ж.Мүсепов

2 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз