«Ерекше» орталық ашылды

369ecc65775f80f975dc1c537750d1a9 Жаңалықтар

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды бейімдеу және түзетуге арналған орталық ашылды. Ол «Сана» қорының қолдауымен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қолға алынған.        

369ecc65775f80f975dc1c537750d1a9 

Мамандар балалармен жеке және топтық негізде жұмыс атқарады. Бүгінде мұнда 15 бала ем алып жатыр. Олармен логопед, дефектолог, тәрбиеші-психолог, массажист, күтуші, медбике, ава-терапистер жұмыс істейді. Үш мезгіл күшейтілген тамақтану мен күндізгі ұйқы жолға қойылған. Осы ретте, ерекше балалардың аналарын қолдаудың да арнайы бағдарламасы әзірленген. Орталықта жұмыс жасайтын үш ата-ана тұрақты жалақысын алып отыр. Ал, балалары мұнда тегін негізде қабылданады.

Орталық директоры Әйгерім Сапарованың пікірінше, Атырауда аталған саланың жай-күйін ситуациялық талдаудан өткізетін орындар жетіспейді. «Қолданыстағы қызметтер қатарын көбейту қажет. Даун синдромы, аутистік спектр, тіл дамуының кешігуі, психомоторлық даму нысандарының бұзылуымен ауыратын балалар бар. Соларға арналған балабақшалар, инклюзивті білім беретін мектептер мен дамыту орталықтары жоқ. Осы мәселе қолға алынса, ата-аналарға көп көмегі тиер еді» дейді ол.

Тағы бір тоқтала кетер жайт, ресми санақ көрсеткіштеріне сүйенсек, өткен жылы Атырау облысында 17 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тіркелген. Оның 1988-і – 16 жасқа дейінгі балалар.

Гүлдана ЖАМБОЗОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз