Атыраулық таэквондошы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

photo 2018 08 22 11 43 15 Жаңалықтар

Атыраулық таэквондошы Жансель Дениз Индонезия елінде өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

photo_2018-08-22_11-43-15

Жансель бірінші айналымда филиппиндік Кирсті Алораны 8:7 есебімен тізе бүктірді. Екінші кездесуінде вьетнамдық Лам ЗиХанды 16:1 есебімен оңай ұтты.

Жерлесіміз жартылай финалда өзбекстандық Светлана Осипованы 19:3 есебімен жеңсе, ақтық сында Оңтүстік Корея спортшысы Ли Дабинге тартысты өткен кездесуде 27:21 есеп көрсетті.

Айта кету керек, Жансель Денизден басқа Азия ойындарында атыраулық үш балуан бәсекеге түседі.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз