Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

«ССЕР» компаниясы атыраулық 100 отбасына қуаныш сыйлады

Қамкөңіл жандарға қолдау көрсету – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Бұл бағыттағы шараның бірі Қайыршақты селолық округінде өтті.

Бұл жолы облыстың әлеуметтік саласын дамытуға, сондай-ақ, қайырымдылық және демеушілік іс-шараларға белсенді атсалысып жүрген «ССЕР» компаниясы аталған округтің балаларына қуаныш сыйлады. Игі іс аясында аз қамтылған 100 (жүз) отбасының балалары арнайы сыйлықтар алды. Карантиндік талаптар сақталған шарада Қайыршақты селолық округінің әкімі Шафхат Қалиев, Балықшы аймақтық мүгедектер қоғамының төрайымы Әмина Нысанғалиева компания өкілдеріне ризашылықтарын жеткізді.

Өз кезегінде «ССЕР» компаниясының атқарушы директоры Орақ Бисембиев:

— Тәуелсіз елдің болашағы — балалар. Оларды мейлінше қолдау компанияның басты қағидасы. Әр балақайдың жүрегіне қуаныш сыйлайтын игі шаралар легі  жалғасады, — деді.

Қамкөңіл жандарды қоғамнан тыс қалдырмай қолдағандары үшін ата-аналар да дән риза. Ата-аналар атынан Арайлым Мұқашева, Гүлшат Тоқсанбаева баларына мерекелік көңіл-күй сыйлағандарына жылы лебіздерін айтты.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

20201223 101912 resized
20201223 101623 resized 1
20201223 102800 resized 2
20201223 100937 resized 2

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button