Атырауға 20 наурызда 50 мың дана бетперде жеткізіледі

snimok 2 Жаңалықтар

Atr.kz/18 наурыз, 2020 жыл. Бүгінде тұрғындар арасында дәріханалардағы бір реттік бетперде мәселесі өзекті болып тұр. Бұл ретте көпті толғандырған сауалдарға облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ жауап берді.

Бетперде коронавирустан қаншалықты қорғайды?

  • Бетперделер тұрғындарды коронавирустан 100 пайыз сақтайды деген кепілдік жоқ. Медициналық маска қандай да бір вирусқа шалдыққан адамдарға және науқастармен тікелей жұмыс істейтін дәрігерлерге аса қажет. Жұқпаны көз, құлақ, тіпті жуылмаған қол арқылы жұқтыруға әбден болады. Сондықтан, ең бастысы қарапайым тазалық қағидаларын сақтаған жөн. Олай болса, жасанды дүрлігудің еш қажеті жоқ.

Дәріханалардағы медициналық бетперденің қоры туралы білсек…

  • Біздің департамент күн сайын облыстың дәріханалық ұйымдарында медициналық бетперделердің болуына мониторинг жүргізеді. Фармацевтика нарығындағы кәсіпкерлерге халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында медициналық маскалар қорын уақытылы толықтырып отыруда түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Бүгінде облыс орталығында 2 000 данабір реттік қолданатын бетперде бар. Бұлар Атырау қаласындағы Томарлы селосындағы Бектеміров көшесінде орналасқан «Игі сәт» ғимаратындағы дәріханада, Жерұйық мөлтекауданындағы «Зибаш» дәріханасында сатылуда.
  • Сондай-ақ, бұған дейін хабарланғандай, бетперденің жетіспеушілігіне байланысты «Медфарм импорт» мекемесі «ҚазТехИндустрия» компаниясымен 100 мың дана көп реттік қолданатын бетперде алу үшін келісім-шарт жасады. Бұл бұйымдардың 50 мың данасы 20 наурызда аймаққа  жеткізіледі.

Медициналық бетпердені  3-4 сағат сайын ауыстыру қажет. Бұл ретте оның бағасын арттырмай, халыққа қолжетімді етуге болмай ма?

  • Осы ретте департамент өз құзыреті шегінде тек дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады. Ал, маска медициналық бұйым болғандықтан, біздің мекеме олардың бағасын реттемейді.

Жазып алған: Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

http://atr.kz/bez-rubriki/koronavirus-bas-imam-syndarly-s%d3%99tte-birlik-pen-izgilikte-bolu%d2%93a-sha%d2%9byrdy-video/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз