Спортшылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалуда
Алматы облысында, қыркүйек айында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жарыстарына қатысатын жамбы атудан ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны (атпен садақ ату) өтуде. «Біз жыл басынан бері 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалып жатырмыз. Бұл біз өткізетін оқу-жаттығу жиындарының үшінші кезеңі, алда-тағы бір кезең.
Жаттығу жиынына біздің ең мықты спортшыларымыздың 2 құрамы қатысады. Қазір біз 70-80% дайынбыз, әлі де жұмыс істеу керек. Қазір біз жылқыларды спорттық дайындаумен де айналысамыз. Мен Моңғолия, Араб елдері, Индонезия, Малайзия, Венгрия өкілдерін мықты қарсылас деп атай аламын», — деді жамбы атудан ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері Елдос Бадашев. «Біз күн сайын дайындаламыз, дайындық жоғары деңгейде өтуде. 5-ші «Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында» лайықты өнер көрсетіп, еліміздің намысын қорғаймыз деп сенемін», — деп атап өтті жамбы атудан ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі Ералхан Айкөз. Естеріңізге сала кетейік, жамбы ату республикалық федерациясы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кіреді. Сонымен қатар, Қауымдастық құрамына бәйге, көкпар, аударыспақ, садақ ату, құсбегілік, асық ату, Теңге ілу, «JORYQ» федерациялары және т.б. кіреді, оны белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.