Атырау қаласында 25 бағыт бойынша 250-ден астам автобус қызмет көрсетеді

4826f6fd 29d5 404f ab4a a33ec68217fe Жаңалықтар

«Өткен жылы 6 жаңа бағытта маршруттар іске қосылды» деп хабарлайды Atr.kz

Сәйкесінше,  маршруттардың жүру жиілігі қысқарды.

«Өткен жылы  «Ақжайық» автопаркімен жаңа заманауи, экологиялық талаптарға сай 160 жаңа қоғамдық автобустар сатып алынды. Барлық автобус қозғалтқыштары газ-метан отынымен жабдықталған. Желтоқсан айында метанды газ құю станциясы іске қосылды.

Қоғамдық көліктердің мүгедек жаңдарға  қолайлы болуына ерекше мән беріп отырмыз. Қоғамдық қозғалысты реттеу және жолаушыларға жағдай туғызу мақсатында 38 ашық үлгідегі және 12 жабық үлгідегі аялдамалар қойылды» деді Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев онлайн есеп беру кезінде.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз