Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Спортшылар мен жаттықтырушылар енді жетістіктері үшін ай сайын ынталандыру төлемақысын алады

Атырау облысында чемпион спортшылар мен олардың жаттықтырушылары жетістіктері үшін еңбекақы алады. Бұл туралы Атырау облыстық дене тəрбиесі жəне спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет хабарлады.

спорт

29 тамызда Атырау облыстық əкімдігінде өткен кезекті мəжілісте спортшыларды көтермелеу төлемдері жобасы мақұлданды. Енді халықаралық жəне республикалық чемпионаттарда жүлделі орын алған спортшылар ай сайын ынталандыру төлемақысын алады. Төлемақы мөлшері жеңген турнирінің мəртебесіне орай белгіленеді. Мысалы, олимпиада ойындарының жеңімпаздарына жергілікті бюджеттен ай сайын 700 мың теңге, ал Қазақстан чемпионатының алтын медаль иегерлеріне 200 мың теңге төленеді.

спорт2

– Біз ынталандыру төлемдерінің жүйесін жасадық. Сол арқылы спортшылардың жеңіске деген жігерін арттырып, спортта қалуына жағдай жасау ниетіндеміз. Болашағы зор жас спортшылар жақсы нəтижелерге жетіп, жүлделі орындар алғанымен кəсіби спортқа бара бермейді, ақша табу, отбасын асырау секілді міндеттер тұрады, – дейді Азамат Бекет. – Енді барлық жас санатындағы спортта жетістікке жеткендерге ақы төленеді. Оның ішінде жастар чемпионатының жеңімпаздары да бар. Спорттың паралимпиада түрінде жақсы нəтиже көрсеткен мүмкіндігі шектеулі спортшыларға да төлемақы беру қарастырылған. Сыйақы, сондай-ақ, чемпиондардың жаттықтырушыларына тəрбиеленушісіне берілетін төлемнің 50 пайызы мөлшерінде төленеді.

Аймақ басшысы бұл ұсынысты қолдап, аталған қадамның балаларды спортқа тартуға, спортты насихаттауға септігін тигізетінін айтты.

Ай сайынғы сыйақы тек қазіргі чемпиондарға ғана беріледі, бұл үрдіс оларды атақтарын қорғауға ынталандырады.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button