САЛҚЫНДАТҚЫШТАН САҚТАНЫҢЫЗ!

ismisis COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/4 тамыз, 2020 жыл. Қауіпті індеттен қорғануда дәрігерлер кеңесі аса қажет. Өйткені, әр адамның өзінше емделуіне болмайды. Осы орайда біз облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері директорының орынбасары, фтизиатр-дәрігер Гүлжанат БЕКБОЛАТОВАМЕН сұхбаттасқан едік.

 Вирус ағзада жедел дамиды

– Гүлжанат Сұлтанқызы, әңгімені бүгінгі түйінді мәселеден бастасақ. Коронавирустық пневмонияны өкпенің басқа ауруларынан қалай ажыратуға болады?

– Сұрағыңызды түсіндім. Бұл дерт басқа ауруларға қарағанда жедел өршіп, дамиды. Дене қызуы 39-40 градусқа дейін жоғарылап, қатты әлсіздік пайда болады. Адамның бойын салқын тер басады. Тағам ішуге тәбеті жоғалады. Сондай-ақ, мұрын – иіс, ауыз қуысы дәм сезбей қалады. Коронавирус инфекциясының басқа дерттерден ерекшелігі, негізгі клиникалық көріністері осында.

Б ұ л в и р у с т ы қ п н е в м о н и я иммундық жүйені зақымдай отырып, альвеолоцитті түрге алып келеді. Яғни, өкпенің газ алмасатын тұсы а л ь в е о л о н а н ы ң і ш і н д е қ а б ы н у процесі пайда болады. Бұл жерде қан тамырларының ішіндегі қызыл түйіршіктер, яғни, эритроциттер мен тромбоциттер қоюланып, бір- біріне жабысып, тромбоз түзіледі. С о н ы ң с а л д а р ы н а н б і р қ а т а р ағзаның жұмысында жетіспеушілік т у ы н д а й д ы . Ж ү р е к , б а у ы р , ө к п е , б ү й р е к з а қ ы м д а л ы п , б ұ л ағзаларда аурулар пайда болады. Э п и д е м и о л о г и я л ы қ а х у а л д ы ң ушыққан кезеңінде бірқатар адамның өмірден өтуінің басты себебі осында.

– Емделіп шыққан науқастар саулығын қалай күтуі қажет? Өкпені толық қалпына келтіру үшін қандай шараларды қолданғаны жөн?

– Коронавирустық пневмониямен ауырып шыққан адамның ағзасында 30-45 күнге дейін вирусқа қарсы иммунитет қалыптасады. Осы кезеңде адам әлсіреп, қызуы көтеріліп, салқын тер басады. Әсіресе жауырын, арқа тұсы құрысып, ауырсынады. Бұл кезеңде адамдардың қайтадан вирус жұқтырдым деп алаңдауына, уайымдауына болмайды. Себебі, мұның барлығы – ағзада вирусқа қарсы иммунитеттің түзіліп жатқандығының белгісі. Осы орайда адам ағзасына күш беріп, көбірек қозғалыста болып, тыныс алу жаттығуларын жасауы маңызды. Осы кезеңдерде шар үрлеуге болмайтынын баса айтқан жөн. Бұл жағдайда ісініп тұрған жіңішке қан тамырлары жарылып кетіп, адам өміріне қауіп туғызуы мүмкін.

– Салқындатқыш пневмонияны өршітеді ме? Оның адам саулығы үшін әсері қандай?

– Біздің өңірдің жазы қатты ыстық, әрі құрғақ болғандықтан, көпшілік салқындатқыш қосуға бейім. Бұл құрылғы қатты ыстықта ауаны салқындатқанымен, оның денсаулыққа тигізетін зияны көп. С а л қ ы н д а т қ ы ш т ы ң ж е л і д е н е қызуы көтеріліп немесе терлеп о т ы р ғ а н а д а м н ы ң ж а ғ д а й ы н о д а н ә р і а с қ ы н д ы р а д ы . Н е р в талшықтарын зақымдап, миозит, неврит ауруларының туындауына әкеліп соғуы ықтимал. Сондықтан, б ө л м е а у а с ы н с а л қ ы н д а т қ а н кезде адамдардың басқа бөлмеде болғаны дұрыс. Сондай-ақ, түрлі инфекцияны жұқтырмау үшін аталған құрылғының фильтрін ұдайы тазалап, ауыстырылғаны жөн. Ең маңыздысы, бөлме іші табиғи жолмен желдетіліп тұрғаны абзал.

«Дипломсыз дәрігер»

– Әлеуметтік желіде «бұл – вирусқа таптырмас ем» деп әртүрлі өнімдерді аспандаған бағамен жарнамалаушылар көбейді. Дәлірек айтқанда, екінің бірі «дипломсыз дәрігер» болып алды. Осы орайда халық арасында кең тараған имбирь, хрен, қойдың құйрық майы секілді тағамдардың пайдасы мен зияны туралы айтып бересіз бе?

– Жасыратыны жоқ, бүгінгі ахуалды өз пайдасына пайдаланып, қомақты қаржы табамын деп әрекет етіп жатқандар аз емес. Бұл ретте т ұ т ы н у ш ы н ы ң ө з і д е с а у а т т ы болғаны жөн. Имбирь мен хреннің а ғ з а н ы ң ж ұ м ы с ы н ж е т і л д і р і п , қан тамырларындағы майларды тазартатын қасиеті бар. Алайда, ауырған кезде ең алдымен дәрігердің кеңесі маңызды. Ауруды алдымен дәрі-дәрмекпен емдеу қажет. Тыныс алу жаттығуларын қолдана отырып, дұрыс тамақтануға баса мән берген жөн. Қойдың еті мен құйрық майынан қайнатылған сорпаны ішкен дұрыс. Бұл әлсіреген ағзаға күш-қуат береді.

Ал, хрен мен имбирдің құрамында С дәрумені лимонға қарағанда алты есе көп болады. Хрен магний, кальций, хром дәрумендері мен эфир майларына бай. Имбирь зат алмасу процесін жақсартып, токсиндерді тазартады. Жалпы, медициналық тұрғыдан бұл тағамдардың ағзаға пайдасы дәлелденген. Десек те, оны тұтынудың да реті бар. Бұлар коронавирусты емдейді деген түсінік – жаңсақ пікір.

– Бүгінде бірқатар адам «Коронавируспен ауырдым, бұл дерт енді маған жұқпайды» деп ойлайды. Олардың вирусты басқаларға жұқтыру қаупі қаншалықты жоғары? Осы орайда әрбір адам қатаң ұстануы керек жауапкершілік туралы сөз қозғасақ…

– Коронавируспен ауырып шыққан адам кері қайталап осы дертпен ауырмайды. Алайда, оның вирусты ө з г е а д а м д а р ғ а ж ұ қ т ы р у қ а у п і бар. Сондықтан, коронавируспен сырқаттанған адамдар бетпердені тағып жүруі керек. Бұл қасындағы туған-туыстарын қауіпті аурудан қорғауға мүмкіндік береді. Науқас емделгеннен кейін де 14 күн үйінен шықпай оқшаулануы керек. Жеке гигиенаны қатаң сақтауы тиіс.

Сақтықта қорлық жоқ!

– «СОVID-19» инфекциясының ересектер үшін қауіпті екені талай рет айтылып келеді. Бүгінде ел арасында дерттің балалар үшін қаупі бар екендігі баяндалуда. Бұл әңгіме қаншалықты шындыққа саяды?

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, балалар бұл дертпен ауырмауы қажет. Өйткені, о л а р д а ү л к е н а д а м д а р д а ғ ы д а й с о з ы л м а л ы а у р у л а р б о л м а й д ы . Яғни, бұл ауру иммунитеті жоғары балаларға жоламайды деген сөз. Қазір жас өскіндер арасында белгілі бір факторлардың әсерінен іші өтуі, тонзиллит, ларингит секілді жоғары тыныс алу мүшелерінің аурулары кездесуде. Оның қауіпті індетпен байланысы жоқ. Дегенмен, «сақтықта – қорлық жоқ» қағидасын баса назарда ұстап, бүгінгі карантиндік шектеу шараларын сақтау маңызды.

Әрбір адам өзінің жақынына жанашыр болып, құнарлы тамақтануы керек. Балалардың иммунитетін к ө т е р і п о т ы р у – а т а – а н а н ы ң жауапкершілігінде. Бұл қауіпті дертті толық жеңіп шыққанша той, туған күн, садақа, ас беру секілді отбасылық шараларды өткізбеу маңызды.

– Коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген ақхалаттылар – бүгінгі күннің батырлары. Олар пандемия орын алғалы Гиппократ антына адалдықтарын істерімен дәлелдеуде. Осы орайда «болашақта адам жанының арашасы боламын» деп тілек білдіргендерге қандай ақыл қосар едіңіз?

– Пандемия кезінде еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлерінің е ң б е г і з о р . Б і р н е ш е а й л а п отбасыларына оралмастан, уақытпен санаспастан адам саулығы үшін күресіп жатқан әріптестерімнің еңбегі жастарға үлгі, қашан да құрметке лайық. Сондықтан, әрбір отбасындағы бір бала жүрек қалауымен дәрігерлік мамандықты меңгерсе деймін.

– Сұхбатыңызға бек рахмет!

Сұхбаттасқан: Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз