
Спорт мекемелеріне 18 жаңа автобус табысталды
Спорт күніне орай Атырауда жағымды жаңалық орын алды. Облыс әкімдігі өңірдегі қала және аудандарда орналасқан 18 спорттық мекемеге заманауи автобустардың кілтін табыстады.
Аталған автобустар облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына қарасты мекемелерге бөлініп отыр. Жаңа көліктер спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің жаттығу мен жарыс орындарына қауіпсіз әрі ыңғайлы қатынауын қамтамасыз етуге бағытталған.

Облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев спорт мекемлерінің ұжымын жаңа көліктермен құттықтап, бұл бастаманың бұқаралық спортты дамытудағы маңызын ерекше атап өтті.

– Бүгінгі қуанышты жаңалық – балаларымыз бен жасөспірімдеріміздің спортпен айналысуына жасалған нақты қолдау. Жаңа автобустар спортшыларымыздың жарыстарға, жаттығуларға қауіпсіз әрі дер кезінде баруына мүмкіндік береді. Бұл – біздің спортқа, ең бастысы, жастардың болашағына салған инвестициямыз. Барша спорт қауымдастығын мерекемен құттықтаймын, жеңістеріңіз көп болсын! – деді ол.




Рита ӨТЕУҒАЛИ
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ