whatsapp image 2020 11 09 at 13.15.45

Әлем біріншілігінен атыраулық тағы бір палуан күміс иеленді

Жаңалықтар Қоғам

Атыраулық  палуан Еркебұлан Қуанғалиев Сербияда жауынгерлік самбодан ересектер арасында өткен әлем чемпионатының күміс  жүлдегері атанды.

 Әлемдік додаға 30 мемлекеттен 400-ден астам спортшы қатысты.  Жерлесіміз Еркебұлан Қуанғалиев 52 келі салмақ дәрежесінде күресіп, іріктеу кезеңінде чехиялық палуанды ұтқан. Ал жартылай финалда испаниялық қарсыласынан басым түсіп, ақтық сында ресейлік спортшыға жол берді. 

Еске сала кетейік, дәл осы әлемдік додаға атыраулық Абылайхан Мейрамбекұлы да қатысып, жастар арасында әлем чемпионы атанған болатын.

«Атырау облыстық комуникациялар қызметі»

whatsapp image 2020 11 09 at 13.15.43

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған