COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Сovid-19 жұқтырған бірде-бір науқас жоқ
Atr.kz/17 тамыз, 2020 жыл. Атырау облысы Махамбет ауданында Сovid-19 жұқтырған науқастар жоқ.
Ауданда наурыз айынан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырудың 197 жағдайы анықталған. Оның ішінде 192 адам жазылып шыққан болса, 5 науқас көз жұмған.
- — 16 тамыздағы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта Махамбет ауданында коронавируспен ауыратындар тіркелмеген. Соңғы үш науқас коронавирусқа тест тапсырып, нәтижесі теріс көрсеткіш көрсеткеннен кейін үйіне шығарылды, — деп мәлімдеді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.