
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
СОVID-19 инфекциясына анализ қандай жағдайда тапсырылады?
Atr.kz/5 тамыз, 2020 жыл. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз – қызметінің хабарлауынша, үш жағдайда пациент коронавирус инфекциясына анализді тегін тапсыра алады.
Біріншіден, жоспарлы ем алатын науқас тәулік бойы ем қабылдайтын жағдайда;
⠀
Екіншіден, квота арқылы ем қабылдар алдында;
⠀
Үшіншіден, короновирус симптомдары бар науқастар міндетті түрде COVID-19 инфекциясына тегін анализ тапсырады.
⠀
Емханаларда күндізгі стационарда ем қабылдаушыларға коронавирус инфекциясына анализ тапсыру міндетті емес.
⠀
Анализ қорытындысының мерзімі 5 күнге жарамды.
Амандық АБДОЛ