ИНСПЕКЦИЯДА – ЖАҢА БАСШЫ

ҚР Қаржы министрлігі қаржылық бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен осы комитеттің Атырау облысы бойынша инспекциясының басшылығына Еркебұлан Мараимов тағайындалды. Кеше оны Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қабылдады.

Облыстық құрылымның жаңа басшысын Қаржылық бақылау комитетінің төрағасы Әнуарбек Жұмаділдаев таныстырды. Республикалық ведомоство басшысының мәлімдеуінше, Еркебұлан Зұлхарнайұлы біраз жылдан бері салалық министрлікке қарасты құрылымдарда жауапты да лауазымды қызметтерді атқарып келеді. Мамандығы – тарихшы, заңгер, экономика және бизнес бакалавры.  Кәсіби тұрғыдан шеберлігі шыңдалған, біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол басшы-мамандардың бірінен саналады. Осыған дейін ҚР Қаржы министрлігі қаржылық бақылау комитетінің басқарма басшысы қызметін атқарған.

Инспекцияның жаңа басшысына облыс әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы жылы лебізін жолдап, табысты қадам тіледі.

Дәулетқали АРУЕВ.

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз