Жарнама
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Сотталғандар да бизнеспен айналыса алады

Атырау қалалық әділет департаменті, прокуратурасы, «Нұр Отан» партиясы филиалы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдастырған жұмыссыз борышкерлер арасындағы жәрмеңкеде кәсіп ашудың қыр-сыры үйретілді.

2017-09-13_16-57-34

Мұндағы мақсат ­­­– істі болған азаматтарды жұмыспен қамту, қоғамға бейімдеу, өз бизнесін ашуға көмектесу. «Сичим С.П.», «Синопек Инжиниринг», «Атыраумұнаймаш», «Консолидейдед Контрактинг Инжиниринг» компаниялары мыңға жуық  бос жұмыс орнын ұсынып отыр. Сұранысқа ие мамандардың ішінде құбырмонтаждаушы, тас қалаушы, сылақшы, эксковатор операторы,  көлік жүргізуші, дәнекерлеуші, құрылыс инженері, ағаш шеберлері бар.

Мамандардың айтуынша, тұрақты жұмыс іздеушілердің бүгінде қарасы көп. «Бос орындар жәрмеңкесінің өткізілетінін естіп арнайы келдім. Мамандығым – экономист. Қаладағы бір мекемеде екі жыл жұмыс жасадым, жалақысы көңілімнен шықпағаннан кейін, жұмысымды тастауыма тура келді. Түйіндемемді тапсырдым, жақсы жұмыс табамын деп сенемін» дейді жәрмеңкеге келушілердің бірі.

Жұмыс берушілер бос жұмыс орындарын ұсынып, әңгімелесулер жүргізді, жұмысқа қабылдау талаптары туралы айтты. Жұмыспен қамту орталығының кеңес беру орталығының өкілдері пайдалы кеңестерімен бөлісті. Келушілер жұмысқа орналасу және қайта оқыту, қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша қызықты ақпараттар алды.

Өз тілшіміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button