Жарнама
Жаңалықтар

Соколок каналындағы құрылыс жұмысының 70%-ы аяқталды

Соколок каналына Жайық өзенінен Каспий теңізіне дейінгі аралықта ұзындығы 33 шақырымды құрайтын бөгет салынды. Оның биіктігі – 3 метр, ені – 6 метр. Сонымен қатар канал арнасы 15-50 метрге дейін кеңейтіліп, түбі 2 метрге тереңдетілді, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Каналдың негізгі қызметі – су тасқыны кезінде Жайық өзенінен келетін артық суды Атырау қаласына жібермей, тікелей Каспий теңізіне бағыттау.

— Осыған дейін канал болғанымен, оны бекітетін бөгет салынбаған еді. Жұмыстар 1 наурызда басталды, ал аяқталуы желтоқсан айына жоспарланған. Бүгінде 25 техника мен 57 маман тәулік бойы кезекшілікпен жұмыс істеуде. Бұл жерге жақын қоныстанған шаруалар алғыс айтуда. Себебі бөгет бекітілгендіктен су келген жағдайда олардың шаруашылығына, төрт-түліктеріне қауіп жоқ. Құрылыс жұмыстарын «Строй Статус КЗ» ЖШС атқаруда, — деді жоба жетекшісі Нұрлан Нұрбаев.

Айта кетейік, Соколок каналының жалпы ұзындығы – 43,6 шақырым.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button