Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарҚоғам

Сирия аумағында жүрген 47 қазақстандық елге қайтарылды (+ВИДЕО)

https://www.youtube.com/watch?v=jrjyKwm3pdA

Сирия аумағында жүрген 47 қазақстандық елге қайтарылды. «Бұл туралы бүгін Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялау жөніндегі гуманитарлық шараның аяқталуына байланысты жасаған мәлімдемесі кезінде белгілі болды» деп хабарлайды akorda.kz.

People that were evacuated from the two villages of Kefraya and al-Foua walk near buses, after a stall in an agreement between rebels and Syria's army, at insurgent-held al-Rashideen, Aleppo province, Syria April 15, 2017. REUTERS/Ammar Abdullah

«Биылғы 6 қаңтарда менің тапсырмам бойынша құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара нәтижесінде Сириядан  47  азаматымыз, соның ішінде 30 бала елімізге қайтарылды. Олар дағдарыс жайлаған елге алданып барып, террористердің тұтқынында болды. Қазақстанға келген соң әйелдер мен балаларға мемлекет тарапынан барлық көмек көрсетілді. Осындай ауыр жағдайға ұшыраған бұл кінәсіз жандардың  қуанышында шек жоқ. Олар бір ай бойы бейімдеу орталығында болып, қажетті медициналық көмек алады. Атқарылған жұмыс мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алуға септігін тигізеді» деп атап өтті Президент. Сондай ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қақтығыс аймағында еріксіз жүрген балаларды қайтару жөніндегі жұмыстардың жалғасатындығын айтты.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Сурет newsone.ua сайтынан алынды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button