Джон Ф.Кеннедидің кесірлі кербезі

ДЖОН Ф.КЕННЕДИДІҢ КЕСІРЛІ КЕРБЕЗІ 2 Жаңалықтар

(Соңы. Басы өткен санда). – http://atr.kz/?p=15960

Кеннеди бұл уақытта Палм Спрингзде актер және әнші Бинг Кросбиде қонақта отырды. Бұдан бірнеше шақырым ғана жерде Фрэнк Синатра алқын-жұлқын дайындық жүргізіп, Кеннедиді күтулі еді, бірақ, Кеннеди ең соңғы сәтте оған бару ойынан айнып, Кросбиге ат басын бұрған. Мафияның қолдауымен күпінген және Кеннедидің сайлауалды науқанына миллиондап шығынданған, өзін Президенттің досы санайтын Синатра бұл сатқындықты кешіре алмады.

%d0%b4%d0%b6%d0%be%d0%bd-%d1%84-%d0%ba%d0%b5%d0%bd%d0%bd%d0%b5%d0%b4%d0%b8%d0%b4%d1%96%d2%a3-%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%96%d1%80%d0%bb%d1%96-%d0%ba%d0%b5%d1%80%d0%b1%d0%b5%d0%b7%d1%96-2

Кросбидің үйінде көптеген ықпалды саясаткерлер, дипломаттар жиналды, бірақ, Кеннедидің көздегені жақсылап демалып, көңіл көтеру болды. Заңгер Филипп Вэстон әңгімелейді: «Мен қонақтардың бірден екі топқа бөлінгенін байқадым, біреулері бассейн маңайында болды да, келесілері, олар аздау еді, президентке дайындалған коттеджде көңіл көтерді. Бұлардың ішінде Мэрилин де бар еді, әрине, оны жұрттың бәрі білді. Мені таңғалдырғаны – актрисаны көзтаса ұстау үшін еш шара қолданылмағаны еді. Ал, париктің астына жасырынып, танылмай қалуға тырысу, тіпті балалық еді. Кеннеди әбден жаймашуақ күйге енді. Үстінде мойнына дейін түгел жауып тұрған жеңіл тоқыма киімі, ал Мэрилин болса өзінің бүгінгі қалпымен көзге біртүрлі оғаштау көрінді. Екеуі құдды бір астыртын әрекетке дайындалған адамдар секілді еді. Сол түнді олар бірге өткізді».

Актрисаның туысы Жаннет Кармен: «Мэрилин өзінің біртуар бейне-бітімімен де, зиялылық болмысымен де Кеннеди деңгейіне әбден сай келемін деген сенімінен танбады. Өзі үшін ел алдында Кеннеди ешуақытта қысылып-қымтырылмайтындай нағыз леди боламын деп үміттенді».

Өзінің кеңесшілері мен саясаткерлердің қысымына қарамастан Кеннеди Монродан қол үзбеді. Өзін еркек ретінде толқытып-толғандырған, аузынан шыққан әр сөйлемін ауадай жұтып, ауыр қызмет қамын бір сәт болса да жеңілдетуге тырысатын осынау ғажайып періштеден Кеннеди қалайша айырылмақ? 1962 жылдың жазында Кеннедидің құрметіне өткізілген Нью-Йорктегі ақсүйектер қауымы өкілдерінің бірі Фиржи Беллдің ұйымдастыруымен өтпекші кешкі басқосуға шақырылғандар тізімінде Мэрилиннің де аты-жөні пайда болды. Кешкі ас сағат 19-ға тағайындалды. Бірақ, міне, сағат 20.30… Мэрилин болса әлі жоқ. Ақырында сағат 21-де біреулер оны алып келуге кетті. Ол өзінің жеке бөлмесінде, сән жабдықтарының үстеліне сүйеніп тұр екен. Үстінде біз өкше туфлиден басқа лыпа жоқ. «Құдай-ау, Мэрилин? Сіз неғып тұрсыз? Президент сізді күте-күте зарықты ғой!». Мэрилин басын төмен салып, күрсініп жіберіп, көз жасын тыя алмай: «Мен не кием?» деді. Сөйтіп, шкаф толы киімдерінің бірінен соң бірін таңдап, ақыр соңында ешбірін жаратпай, тек бір костюм тектес жұп-жұқа көйлекке жұмыр да нәзік денесі шыпылдап әзер-әзер сыйып, басына қызғылт жасама шаш пен қара көзілдірік тағып, сағат 22-де ғана: «Мен дайынмын!» деді. Финджи Беллдің үйінің алдында атақты адамдарды суретке түсіріп алуға дайындалып елуге тарта фотограф тұр еді. Лифтіде Мэрилин жасама шаш пен қара көзілдірікті шешіп тастап,  өзі «Сәлем!» деп аса қуанышпен күтіп тұрған Кеннедиге тура бет алды. Осыншама көп қонақтардың ішінде олар өздерін дәл бір сыралғы сыбайластарша көрсетті. Сән-салтанатқа толы кең залдың іші тым қолайсыз, қытымырлау лепті аңғартып тұрды. Қонақтар баяғыда-ақ мартиниден де, басытқыдан да шаршаған. Президентке әдейі арналып дайындалған кешкі ас желінбей қалды…

Нью-Йорктегі Мэдисон Сквер-Гарденде Джон Кеннедидің 45 жылдығын тойлау салтанатында Мэрилин пілге мініп шығып (демократиялық партияның рәмізі), «Туған күніңізбен, Президент!» деген ән шырқауы керек-ті. Үстінде Джин-Льюстен тіктірген Марлен Дитрихтың сәндік киімдеріне ұқсас әдемі көйлек болуға тиісті. Салтанаткер (церемониймейстер) Питер Лоуфорд Мэрилинді сахнаға шақырды. Бір рет… екі. Ешкім жоқ. Ол енді ашулы дауыспен: «Құрметті ханымдар мен мырзалар! Сахнада – бізді тастап кеткен Мэрилин Монро!» – деп хабарлады. Бұл жексұрын әзіл Мэрилинді өзінің дайындық бөлмесінен сахнаға шығаруға мәжбүр етті… Кейін Мэрилин қанша бұлталақтаса да, Лоуфорд оған Роберт Кеннедиді жіберді. Жас әділет министрі және жеті баланың әкесі Роберт Кеннеди актрисаның бөлмесінде ширек сағаттай болды. Ол, әрине, актрисаны «Президент риза болды» деп сендірді, сонымен бірге, актрисаның бөлмесінде осынша уақыт кідіруінің басқа да себептері болуы мүмкін. «Роберт Кеннеди Мэрилиннің көз қарықтырарлықтай көйлегінен көз алмай, бейнебір дуаланған адамдай ес-түсінен айырылып актрисаны айналақтап жүріп алды», – деп әңгімелейді осы кешке қатысушылардың бірі. «Мэдисон Сквер-Гардендегі осы кештен кейін Мэрилин мен Роберт бірнеше мәрте кездесті, – деп жазады тарихшы Артур Шлезинджер. – Оны актрисаның қай қылығы қызықтырды екен? Мүмкін, торығу мен махаббат жарығын таразы басында тең ұстай білген әйелдің жан-жұмбағы еліктірді ме?» Осыған қарамастан Мэрилин Джонмен бірнеше сағат оңаша қалды. Мэрилин бұл өзінің онымен ең соңғы рет кездесуі екенін білген жоқ. Оны режиссер Джорджи Кьюкордің фильмінен қуып шықты, айтқандай, ол фильм ақыр-аяғына дейін түсіріліп біткен жоқ. Мэрилин енді ішімдік пен дәрінің құлына айналды. Өзінен Джонның қашқақтап жүргенін де байқады. Кеннеди оның хаттары мен телефон шалғанына жауап бермей қойды. Екінші рет ел Президенті болып сайланғысы келіп отырған адамға ол енді масыл болуға айналды. Мұның махаббат деп жүргені – ол үшін өзінің еркектік еңсесін биік ұстау үшін ғана керекті, қызғылықты оқиға ғана болып шықты.

%d0%b4%d0%b6%d0%be%d0%bd-%d1%84-%d0%ba%d0%b5%d0%bd%d0%bd%d0%b5%d0%b4%d0%b8%d0%b4%d1%96%d2%a3-%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%96%d1%80%d0%bb%d1%96-%d0%ba%d0%b5%d1%80%d0%b1%d0%b5%d0%b7%d1%96

Мэрилин өзінің енді ешуақытта сүйікті болмайтындығын, тек ер адамның құмарлық ындынын басатын құрал ретінде ғана өмір сүретіндігін ұғып, қатты күйінді. Алайда, міне, ол тағы да, қайтадан пайда болды, өзін бір жасырын отырмаққа шақырады. Бірақ, онда «шақырумен келетін» қыздардың да бар екенін естіген Мэрилин ол кешке барудан бас тартты. Мұның үйіне көбіне-көп Роберт Кеннеди келіп жүретін болды. Мен Мэрилинге келгенімде, – деп әңгімелейді Жаннет Кармен, – есікті үнемі Бобби ашатын. Мені Мэрилиннің жазбалары таңдандырды. Ол Фидель Кастро Джимми Хофф (жүк машиналарын жүргізушілер кәсіподақтарының серкесі, 1975 жылы өлтірілді) басқа да белгілі-белгілі адамдар туралы жазбалар еді. Мэрилин Боббидің телефонын тыңдап, оны да қағазға түсіріп жүрді. «Бұлардың бәрі атүсті шимайларым, – дейтін ол маған, мүмкін қашан да болса бір жүйеге келтірермін». Ол өзінің осы бір орасан зор жоспарын іске асыруды ойынан ешуақытта шығарған жоқ, мені сонысы қорқытатын».

Бұл кезде ФБР агенттері де іске кіріскен болатын. Мэрилиннің телефоны тыңдала бастады. Маусымның 24-інде Ақ үйдің дөңгелек залында төрт адам бас қосты: Президент, оның інісі, ФБР-дің екі өкілі. «Президент мырза актриса Мэрилин Монромен таныс па? (Кеннеди тайсақтады). Президент мырза актрисаның жарияламақ болып жүрген өмірбаяны туралы бірдеңе біле ме? Мэрилин өз өмірбаянының ұзын-ырғасын үшінші бір адамға ауызша айтып жаздырғысы келгенінен хабардар ма? (Ол адам ФБР-ға хабарлап үлгерген). Монроның осы «өмірбаянның» жазылу барысы жайлы фильм түсіру ниеті Президент мырзаға белгілі ме?» Мұндайға тұтқиыл тойтарыс беру қажет емес пе? Президент бұған келісімін берді, бірақ, сол кезде ол агенттердің біреуінің айтуынша: «Құдай, сақтай гөр оны» деп өз-өзінен  күбірледі дейді. ФБР агенттері кеткеннен кейін Джон мен Роберт таңғы сағат 6-ға дейін оңаша әңгімелесті. Олар төбелерінен жай түскендей болып мәңгіріп, тұнжырасып қалды. Сол күннен бастап Роберт өзінің Мэрилиннің үйіне қарай «жүрісін» тоқтатты. «Мэрилиннің телефоны тыңдалатын», – дейді Кеннедилердің отбасылық шаштаразы Мики Сонг, – оны маған Мэрилиннің өзі айтқан. «Боббимен әңгімемізді жазып алу үшін ондай арнаулы құралды мен өзім де орнатқам», – деуші еді ол маған».

Ағайынды Кеннедилер актрисаны екеулеп иемденді. Енді одан құтылғысы келді. Бірақ, Мэрилинде олармен шайқасқа түсуге болардай күш-қуат бар еді, ол соны көрсеткісі келді. «Оның қолында, – деп жалғастырады Жаннет Кармен, – магнитофон таспалары мен қойын кітапшадағы жазбалар болды. Питер Лоуфордтың әйелі Пэтті Боббидің алдында өзін қолдауға көндірген актриса енді ағайынды екеуді былыққа басы бүтін батырып жіберуге бел шеше кірісті». Қайтыс боларынан бір апта бұрын Мэрилин Тахо өзенінің жағасындағы Фрэнк Синатра мен мафияның көкесі Сэм Джанкананың қонақүйлер кешенінде болды. Мэрилин мас болып,  ағайынды Кеннедилердің өзін тәлкекке салып, тәнін пайдаланып, келеке еткені үшін кектеніп, көз жасына ерік берді. Мэрилиннің жанында бір түн жатқан «екі жүз баскесерлердің бастығы» – Джанкана бұған масаттанып, өзінше салтанат құрып, масайрады.  Мэрилин арқылы ол Президентке қол жеткізіп, өзінің айнымас достығын білдірмек болды. Әлде Мэрилинді өлтіріп, жақында Калифорнияға кетпекші болып жүрген Роберт Кеннедидің абыройына кір келтіргісі келді ме екен? Оның төрт бірдей адамы, ішінде Питер Лоуфорд пен бір жеке тыңшы да бар, Мэрилиннің үйінен көз жазбай аңдып жүрді. «Бобби Кеннеди Калифорнияда болған жоқ, – дейді актер, – мен де Мэрилин үйінің сыртынан аңдушылық жасағам жоқ». Әйтсе де, Лос-Анджелес мэрі мен полиция бастығы оның бұл сөзін жоққа шығарады: «Бобби Кеннеди «Беверли-Хилз» отелінде болды». Оның Мэрилинмен кездескеніне, ал Лос-Анджелестен жылдам аттанып кетуіне Лоуфордтың жағдай жасағанына еш күмән жоқ. Кеннедилердің бұл пысық күйеу баласы үшін де Мэрилин өмірінің соңғы сәттері шым-шытырық қорқынышты жағдайда өтті. Мэрилиннің ұдайы телефон шалуы, Боббидің сасқалақ күй кешуі, вертолеттің кез-келген уақытта (қандай мақсатпен?) Лос-Анджелос аэропортынан көтеріліп кетуге әзір тұруы.

1962 жылдың тамыздың 5-інде күндізгі сағат 11-де Питер Лоуфорд өз пәтеріне тығылып алды. Ол әбден мас еді. Бәлкім, Мэрилиннің өлгенін алдын-ала білгендіктен шығар. Әлде Мэрилин үйіндегі Кеннедилерді айыптауға болатын айғақтарды жойып жібергені үшін ар алдында азап шекті ме екен? Өзінің өліміне не себепкер болғанын жазып қалдырған актрисаның Кеннедилердің абыройына нұқсан келтіруі мүмкін соңғы қолтаңбасын құртып жіберген де сол емес пе? Ресми дәйектемелер бойынша актрисаның өлімі өзіне-өзі қол салуының салдарынан болды делінген. Сол өткен оқиғаларды нанымды дәлелдеп, жаңа фактілер ұсыну үшін жиырма жылдай уақыт керек болды. Қайғылы оқиға Мэрилиннің өзінің жатын бөлмесінде емес, қонақтарға арналған бөлмеде болған екен. Фотосуреттегі жатын орынның ұйпа-тұйпа болуына, әрине, Питер Лоуфорд еңбек сіңіргені сөзсіз.

Юнис Моррей «Мэрилинді өз кереуетінде көрдім, дегенде, ол не шатысты, не болмаса өтірік айтты. «Жедел жәрдем»машинасының жүргізушісі Джеймс Холл әңгімелейді: «Біз келгенде ол тірі еді, бірақ, есінен танып жатқан. Әріптесім екеуміз оны еденге түсіріп, қолдан дем алдырғымыз келгенде, ебедейсіз қимылдағандықтан, біз оны бір бүйіріне құлатып алдық, сол кезде оның жамбасы бірден көгеріп кетті. Бұл оның тірі екендігінің белгісі еді. Сосын: «Мен – дәрігермін!» деп, оның психиатры, доктор Гринсон жүгіріп кірді. Ол дөрекі және мақтаншақ еді, сонысы маған ұнамады. Ол қобдишасынан ине алып, оны дәріге толтырды да, Мэрилиннің кеудесіне сұқты. Мэрилин бір-ақ рет дем алды. Бәрі де бітті, ол өмірден өтті. Мен көп уақытқа дейін Гринсон оның жүрегіне дем беретін (адреналин) дәрі еккен болар деп ойлаушы едім, ал қазір оның дәрі емес,  у еккеніне анық көзім жетті»…

(Жалғасы бар).

Орыс тілінен аударған:

Қойшығұл  ЖЫЛҚЫШИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз