Синоптиктер: Атырауда өзен суларының деңгейі көтерілуі мүмкін

335002876 151474954469824 3974273699503702485 n Жаңалықтар

12-14 наурыз аралығында Алматы қаласы, Алматы, Жетісу және Жамбыл облыстарында қатты жауын-шашынның болу ықтималдылығына байланысты өзен суларының деңгейі көтерілуі мүмкін екені ескертіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Сондай-ақ 12-14 наурызда қар аралас жаңбырдың жаууы және күн райының күрт жылынуына байланысты ШҚО, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында қар тез еріп, сай-салаға су толып, мұз беті жұқарып, өзен сулары деңгейінің көтерілуі болжанып отыр. Аталған өңірлерде су тасқыны болуы мүмкін.

12-14 наурыз аралығында Абай (Бородулиха, Бесқарағай, Аягөз, Ақсуат аудандарында), Ұлытау және Қарағанды облыстарында да су тасқыны болуы ықтималдылығы болжанады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз