Мақат кентінде көпқабатты үйлердің шатыры жаңартылуда

trfhggm Жаңалықтар

Бұл туралы Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мақат ауданындағы көпшілктің көкейіндегі күрмеулі мәселелердің бірі – көп қатарлы тұрғын үйлердегі шатырдың ескіруі болатын. Бұл мәселе оң шешімін табуда. 

-Қазіргі таңда Мақат кенті С.Мұқашев көшесіндегі 80/5, 80/7, 80/8 және №35-ші көп қатарлы тұрғын үйлеріне шатыр құрылыс жұмыстары жүруде. Ал мердігер мекеме «Градстройсервис» ЖШС аталған тұрғын үйлердегі құрылыс жұмыстарының таяу арада аяқталатынын айтып отыр,- деді Мақат ауданы әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин.

Оның айтуынша, бұдан бөлек «Мұнайшы газетінің 60 жылдығы» көшесіндегі №12/1, №12/3, C.Мұқашев көшесіндегі №12/2, №18/6, C.Бекжанов көшесіндегі №13 А, Б, В, Г көп қабатты үйлерінің шатыр құрлысы және көп қабатты 80/8  тұрғын үйінің қасбетін жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Жоба бойынша құрылыс жұмыстары 2023 жылы толықтай аяқталады.

Айта кетейік, Мақат ауданында 29580 халық болса, Мақат кентінде 14780 тұрғын мекен етеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз