kak vyglyadit nasekomoe sarancha foto

Шырылдауық шегіртке…

Жаңалықтар СарапTime Экономика

Аtr.kz/15 маусым, 2020 жыл. Жасыл желектің жауы саналатын шегірткеге қарсы күрес шараларының маңызы зор. Осы бағытта қандай жұмыстар жасалды, қарекетіміз нендей?

 ӨҢДЕЛЕТІН ЖЕРДІҢ АУМАҒЫ ҚАНША?

Мемлекеттік инс- пекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекция­сы мамандарының ай­туынша, биыл өңірдегі 5450 гектар алқапта үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Соның ішінде, итальян пру­сына қарсы 1400 және азиаттық шегірткеге қарсы 4 050 гектар алқап қамтылады. Атап айтқанда, Құрманғазы ауданынан – 1200 га және Исатай ауданынан – 200 гектар жер өңделеді. Тұтастай алғанда, химиялық өңдеу жұмыстары осы аудандарға қарасты бірнеше ауылдық округ пен елді мекеннің аумағында жүргізіледі.

Азиаттық шегірткенің ошағын за­лалсыздандыру мақсатында Атырау қаласының аумағында – 630, Ма­хамбет ауданында – 100, сондай-ақ Құрманғазы мен Исатай өңірлерінде – 3 120, 200 гектар жерде осындай жұмыстар жүргізіледі. Оған қоса, саяқ шегірткелердің бас көтеруін тоқтатып, тосыннан шабуылдауына тосқауыл қою бағытында облыс бойынша екі мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері зиянкестерге қарсы өңдеуден өткізіледі.

– Жоспарланған шараларды жүзеге асыру үшін республикалық бюджет есебінен қажетті препараттар (пес- тицидтер) жеткілікті көлемде сатып алынды. Нақтылай кетсек, 84 литр даклоприд пен 71 литр шамасында диурон инсектицидін жауапты маман­дар қабылдап алды. Ол сәйкесінше, қала мен аудандарда атқарылатын жұмыстардың ауқымына қарай бөлінді. Жасақталған карта-жоспарға сәйкес, залалсыздандыру жұмыстары бас- талды, – деді облыстық аумақтық инспекцияның өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысыӘбила Қазиева.

Оның баяндауынша, бұған дейін көршілес Ресейдің Астрахан облысының Харабали, Красный Яр, сонымен бірге Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе, Жанқала, Ақжайық, Бөкей Орда, Ақтөбе өңірінің Ойыл аудандарындағы әріптестерімен тікелей байланыс орнатып, ақпарат алмасқан жергілікті фитосанитар ма­мандар зерттеу жұмыстарын бірлесіп жүзеге асыруды дәстүрге айналдырған. Мұның өзі, қауіпті ошақтарды дер мезгілінде анықтап, болашақта зиянкес- ке айналар шегіртке дернәсілдерінің өсіп-жетілуіне, бас көтеруіне жол бер­меуге септігін тигізді.

УАҚЫТТЫ ТИІМДІ

ПАЙДАЛАНА АЛСАҚ

Бүгінде облыстық аумақтық инспек­ция мамандары Атырау облысының Исатай, Құрманғазы аудандарының қырлық аймақтарында өңірдегі әріптестерімен бірге үйірлі шегірткелер санатына кіретін итальяндық прус дернәсілдерінің вегетациялық кезеңіне зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізіп, химиялық өңдеу шараларын жүзеге асыруда. Мамандардың түсіндіруінше, бұл шаралар жылдағыдан өзгеше бас- талды. Өйткені, биылғы көктем кеш келді. Бұл итальян прусы тобына жата­тын шегірткелердің жұмыртқаны жай жарып шығуына әсер етті.

Әйткенмен, арқаны кеңге салып, асықпай жүруге болмайды. Осы жағын қатаң ескерген мамандар ауаның температурасы күрт көтеріліп, ыстық түсісімен зиянкестерден қорғанудың қамына кірісті. Анықталған шегіртке ошақтарын химиялық өңдеу шарала­рына былайғы көлік-техникалардан бөлек, ерітінділерді әуеден шашатын бірнеше бүріккіш агрегатты пайдала­нуда. Мамандар жұмыстың кестеге сай, сапалы әрі тиянақты орында­луын қадағалап отыр. Жоғарыдағы жұмыстарды атқаруға алматылық «Aviasila» және оралдық «Казахсер­вис» ЖШС-тері тартылған. Олар за­лалсыздандыру жұмыстарына керекті көмекші құрылғылармен, химиялық препараттармен толықтай қамтамасыз етілген. Енді, бөлінген уақытты текке өткізіп, мүмкіндікті жіберіп алмай, жүктелген міндетті ыждағаттылықпен атқару қалуда. Сонда ғана жасыл желекті жайпап өтер шегірткелер шабуылына тосқауыл қойылары анық.

Ресеймен шектесіп жатқан Құрманғазы ауданында жылдан жылға Қиғаш өзенінің суы тартылып бара­ды. Соның нәтижесінде пайда бола­тын кішкентай аралдардың көбеюі бұл аймақта азиялық шегірткелер ошағының ұлғайып, қауіптің күшеюіне себепші болуы мүмкін екенін сарап­шы-мамандар айтып отыр. Соны алға тарта отырып, «қанатты жаудан» келер қауіптің деңгейін төмендету үшін келешекте бұл шаруаға замана­уи космостық құрылғыларды немесе дрондарды пайдаланса артық болмас еді деген ұсыныстарын да айтты.

 Дәулетқали АРУЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған