Атырауда «Сәбилер үйінің» басшысы жинап алынған ойыншықтар туралы ақпаратты жоққа шығарды

img 20210602 wa0026 Жаңалықтар

«Бұл туралы мамандырылған балалар үйінің бас дәрігері Райса Баймұханова айтты» деп хабарлайды Atr.kz

«Әлеуметтік желіде біздің мекемеге қатысты шыққан жалған ақпарат өкінішке қарай жүрегімізді ауыртты. Өмірімізді осы салаға арнаған адам ретінде мұндай жала есту өте ауыр екен.


Иә, кеше облыс басшысы балалар мерекесіне орай облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты мамандандырылған балалар үйінің тәрбиеленушілерін арнайы келіп құттықтап, бәріне ойыншық сыйлап, бір қуантып кетті. Осындағы 23 балаға арналған шара болғандықтан олардың әрқайсысының жас ерекшелігі мен қажеттіліне қарай қандай ойыншықты жақсы көретіні алдын ала анықталып, соған сай ойыншықтар берілген болатын.

Олардың әрқайсысының сыйлықтары өз бөлмелерінде тұр, өздері күнделікті ойнайды. Оны ешкімнің сыртқа алып кетуге хақы жоқ.
Жетімін жылатпаған елміз. Таңның атысы, күннің батысы осы бүлдіршіндердің амандығы үшін қызмет етіп жүрміз.
Келіп көремін, білемін деген әр адаммен кездесуге дайынбыз» деп жазды мекеме басшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз