БілімЖаңалықтарСарапTime

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ: күнгей мен көлеңке

Аtr.kz/15 маусым, 2020 жыл. Елде төтенше жағдай жариялануына байланысты 2019-2020 оқу жылының төртінші тоқсаны қашықтан оқыту форматында жүзеге асқаны белгілі.

Онсыз да өзекті мәселелер мен түйткілдері көп білім саласына ү л к е н ж а у а п к е р ш і л і к жүктелді. Үш ұйықтаса түске кірмеген жағдайда ағымдағы жылдың 16 наурызы мен 6 сәуір аралығында қысқа ғана уақытта қашықтан оқытуға алғашқы дайындықтарды бастап кеткен Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі бастаған мұғалімдер армиясы қашықтан оқыту форматының тұңғыш тұжырымдамасын жасақтады. Тез арада ақпараттық технологияны бұрынғыдан да жақсы дамыту қажет болғаны рас.

Мұғалімдердің ақпараттық технологияны меңгеру деңгейі әртүрлі. Әдістемесі мен біліктілік өресі де бірдей емес. Осы орайда, Атырау облыстық білім беру басқармасы әдістемелік орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы Орынтай Биманова қысқа мерзімдегі ұйымдастыру ж ұ м ы с т а р ы т у р а л ы : «Біріншіден, педагогтардың ақпараттық технологияда ж е т к е н ж е т і с т і к т е р і , екіншіден, мұғалімдердің техникамен жарақтандырылу мәселесіне назар аударылды. Мұғалімдердің бәрінде бірдей телефон, планшет, жеке компьютердің бар-жоқтығы анықталды. Оқушыларға білім меңгерту үшін ең тиімді деп есептелген Zоом платформасы таңдап алынды. Әлбетте, көптеген интернет жүйесіндегі платформалармен тәжірибе жасалды. Мәселен, министрлік бізбен Мed платформасы арқылы байланысатын. Алайда, кейін бәрі де Zоом -ның тиімділігіне көз жеткізді» дейді. Әуелі әдістемелік орталық оны тек мұғалімдермен конференция өткізу үшін ғана пайдаланды. Алғашқы кездегі қателіктерге талдау жасалды, түзеу мақсатында сараптамалар мен тұжырымдамалар ойластырылды.

Қашықтан оқыту форматына к ө ш у м ұ ғ а л і м д е р д і ң шығармашылығы мен жауапкершілігін көрсетті. Саптағы сарбаздай болып оқушыларға білім беру ісінде тыңнан түрен салуға к і р і с к е н б а с т а м а ш ы л педагогтар өз ұсыныстарымен конференциялар өткізіп, жеке тәжірибесімен бөлісті. «Мәселен, Құрманғазы ауданынан тәжірибелі ұстаз Гүлзира Зинетуллина жас мұғалімдерге өзінің білігі мен білімін, әдістемесін Zоом конференциясы арқылы тарата білді. Алғашқылардың бірі болып әдістемелік орталыққа көмекке келді» деп еске алады Орынтай Молдашқызы.

Иә, жас мұғалімдер де өз пікірлерін білдіріп жатты. Қашықтан оқыту форматына байланысты «Еларна» мен «Балапан» телеарналарында үш мыңнан астам телесабақ көрсетілді. Балалар әуелі телеарналардағы сабақтарды т ы ң д а п , м ұ ғ а л і м д е р сабақтың идеясын одан әрі жалғастырды, жаттығулар жаздырып, тапсырмалар берілді. Әр бала оқулықпен, ж е к е к о м п ь ю т е р м е н қамтылды. Телесабақтар жазылып алынып, YouТube к а н а л д а р ғ а с а л ы н д ы . Мұғалімдер телесабақтан кейін оқушылармен байланысқа шығып, скайп арқылы да түсіндіріп отырды.

Сонымен қатар, тәрбие жұмысы да қанаттас жүргені ақиқат. Ұлы Абайдың 175, Әл- Фарабидің 1150, Жұмекеннің 85 жылдығына орай челлендж, әлеуметтік желілерде әншілер мен жас ақындар байқаулары ұйымдастырылды. Сөйтіп, әлеуметтік желіні тиімді пайдалануға болатыны айқын аңғарылды.

Білім және ғылым министрі А с х а т А й м а ғ а м б е т о в телевизиялық сабақтардың т ү с і р і л і м і н е қатысқан педагогтармен қорытынды онлайн-кездесу өткізіп, мұғалімдерге үздіксіз оқу үрдісін ұйымдастырғандары үшін алғыс айтты. Ол жөнінде министрліктің баспасөз қызметі хабарлаған бо­латын. «Жұқтыру қаупіне, барлық қиындық пен тиісті тәжірибенің жоқтығына қарамастан, сіздер осы жұмыспен айналысуға келістіңіздер. Сол үшін сіздерге алғысымды білдіремін. Сырт көзбен қараған адамға бейнесабақтарды түсіру оңай болып көрінуі мүмкін. Жиырма жыл тәжірибесі бар мұғалім үшін телесабақ түсіруде қандай қиындық туындауы мүмкін дейтіндер де бар, бірақ, бұл мүлдем басқа жұмыс. Шын мәнінде, камера алдында сөйлегенге қарағанда, үйреншікті сыныпта 25 баланың алдында сабақ түсіндіру әлдеқайда оңайырақ» деді елдің бас мұғалімі кездесу барысында. Айта кетейік, министрлік алдағы уақытта 15 мың телесабақ түсірілуін жоспарға енгізіп те қойды.

Атырау облыстық әдістемелік орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы Орынтай Биманова: «Осындай қысталаң уақытта Жылыой ауданынан Жазира Аманбаева, Қ ы з ы л қ о ғ а д а н Т ө л е ш Қозыбақов, Атырау қаласынан Ұлдай Сисенғалиева, Айнагүл Сүйінішәлиева, Исатай ауданынан Жанна Аманбаева сияқты педагогтар белсенділік білдіріп, жұмысты жаңаша жүргізуге қолқабыс етті» деп, қашықтан оқыту форматына көшкен кездегі мұғалімдердің инициативасы мен іскерлігіне талдау жасады.

Ең алдымен, барлық пән бойынша бейнесабақтар дайындалды. WhatsApp желісіндегі топтары арқылы бір-бірімен пікір алмасып, бір кісідей жұмыла кірісті. «Түнгі сағат 22.00-де конференция өткіздік. Ауылдық жерлердегі, қаладағы мұғалімдер түнімен конференцияда отырып, тиімді деген жолдарды ұсынды» дейді Орынтай Молдашқызы.

Осы орайда, к е й б і р қателіктер мен түйткілді т ұ с т а р д ы қ а й т а л а м а у мақсатында «Назарбаев зияткерлік мектептерінің п е д а г о г т і к ш е б е р л і к о р т а л ы ғ ы » А т ы р а у филиалының директоры Талаш Оңғаровамен бірлесіп «Мұғалімдердің қашықтан оқытудағы мүмкіндіктерін жетілдіру бағытындағы іс- шаралар» тақырыбында к о н ф е р е н ц и я л а р м е н әдістемелерді әзірлеп, жүзеге асыру үшін жұмыс жүріп жатыр.

Атырау облысында жеті аудан мен Атырау қаласын қосқанда аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жанында сегіз әдістемелік кабинет бар. Айта кетерлігі, жалақы аз, жұмысы өте көп болғандықтан, бұл жұмысқа келетіндер саусақпен санарлық екен, әрі штат та аз. Сондықтан, бір әдіскерге төрт бірдей пән жүктеліп беріледі. Бүкіл облыс бойынша 12 мыңнан аса мұғалімді 98 әдіскер қамтуы тиіс.

Әрине, жұмысты сапалы атқаруда осы жағдайдың өте қиындық туғызатыны көрініп- ақ тұр. «Әдіскерлерді өзіміз оқыттық. Білім беру саласында kundelik.kz бағдарламасы бар. Сол арқылы мұғалімдер оқушыға тапсырма беріп, кері байланыс жүзеге асырылады. Осыдан мұғалімнің жұмысы к ө р і н е д і . Қ ұ р м а н ғ а з ы ауданының сегіз мектебінде и н т е р н е т ж ү й е с і н і ң төмендігіне байланысты қиындық болғаны рас. Оның бәрі қазір тиісті орындар арқылы түзетілуде» деді Орынтай Молдашқызы.

Педагогтардың ақпараттық сауаттылығы деңгейін жоғарылату үшін қашықтан оқыту курстары жұмыс жасауда. «Үздік мұғалімдерді де айтып отырамыз. Әдістемелік орталықтың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшаcына жетістіктерді жариялаймыз. Тек мектептер ғана емес, ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап колледждерді де әдістемелік орталыққа бекітіп берді. Әлбетте, колледж мұғалімдері м е н с т у д е н т т е р і н і ң жа у а п к е р ш і л і г і м е н белсенділігі, біліктілігі бір саты жоғары екенін жасыра алмаймыз. «Білім-инновация» лицейі мұғалімдерінің де көмегі аз болған жоқ. Edu page бағдарламасы арқылы мұғалімдер мен оқушыларға қ о л ғ а б ы с б е р д і » д е п , сала үздіктерін де айтуды ұмытпады Орынтай Биманова.

Сондай-ақ, ер мұғалімдерден ұйымдастырылған «Azamat» клубының мүшелері Өнербек Ерғалиев, Нұрбол Жұманов, Қуандық Қожамжаров, Базарбек Жалғасбаев, Рахымжан Қосановтар кәсіби бағдар беру, қашықтан тиімді оқыту, кері байланысты ұйымдастыру, kundelik.kz арқылы мектепішілік бақылауды жүзеге асыру, басқа жұмыстарды жолға қою бағыттарында әріптестеріне әдістемелік көмек берді.

P.S. Қашықтан оқыту форматы жүзеге асырылды. «Біткен іске сыншы көп» екені рас. Ендігі жерде қандай қателіктер кеткені жөнінде талдаулар жаса­лып, ғылыми тұжырымдама ретінде мұғалімдерге әдістемелік оқулықтар жол тартуы тиіс. Алдымен айта кететіні, оқушылар да, мұғалімдер мен ата- аналар да мектепті сағынды. Еңселі мектептер бір күнде қаңырап қалды. Кең дәліздерден баланың күлкісі мен шулы дауыстары шықпай, мектеп ауласы­нан күміс қоңырау сыңғыры естілмегеніне де үш айдан асып барады. Осы уақытта білім саласы жаңа бір сатыға көтерілді, жаңа асуды алды, жаңа биікті бағындырды. Алдағы 2020-2021 оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталатынын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеген болатын. Ұлтты келер ғасырларға жеткізетін – жас өркен. Бала денсаулығын сақтау мақсатында жүзеге асырылып отырған білім саласындағы жаңа тенденцияға бүкіл халық болып жұмыла кірісуіміз керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демей ме халық даналығы?! Заман талабы деген де осы шығар, бәлкім! Қалай болғанда да заманауи технологияны меңгеріп, жаһандану үрдісінде жұтылып кетпей, ұлттық құндылықтарды сақтап қалу үшін бізге білімді ұрпақ керек. Сол ғана маңызды.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button