«ШЫҢҒЫСХАН» – ЖАҢА ЖЕЛ ҚОНДЫРҒЫСЫ

 Астанада «Online EXPO-2017» байқауына қатысатын отандық ғылыми-техникалық жобалар өнертапқыштарының қатысуымен баспасөз мәжілісі өтті. Үш өнертапқыштың бірі – Арман Ақмұханов өзінің жолдастарымен бірге «Шыңғысхан» атты жел қондырғысын ойлап тапқан.

 

Механизмі балалардың ойнайтын зырылдауығына ұқсатып, бірегей тәсілмен құрастырылғандығының арқасында «Шыңғысхан» қондырғысы желдің кез-келген күшінде электрді өндіре алады.

Қазақстандық жаңашылдың қолынан шыққан «Шыңғысхан» жел қондырғысы айналу білігі тігінен орналасқан виндроторлық жел қозғалтқыштарына жатады. Әртүрлі бұрышта орналасқан ерекше иілімдері, жел кіретін және шығатын саңылаулары бар. Пішіні зырылдауыққа ұқсатып жасалған бірегей құрылымның арқасында мұндай қондырғы елеулі артықшылықтарға ие.

 «Қондырғының өзінің құны 30 000 АҚШ долларынан аспайтын болады. Осы ретте шетелдегі осыған ұқсас қондырғылардың бағасы шамамен 350 000 АҚШ доллар тұратынын айта кетейін. Қазiр Қазақстаннан шыққан өнім АҚШ Мемлекеттiк департаментi қаржыландыратын «GIST TECH-I» Инновациялар халықаралық байқауындағы ең үздiк 15 стартап-жобаның iшiне кiрдi. Байқауға әлемнің 74 елінен кәсіпкерлер қатысуда», – дейді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры Салтанат Рақымбекова. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз