0 59

ШҰҒЫЛ! Коронавирусты емдейтін алғашқы дәрі жасалды

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

atr.kz/25 қыркүйек, 2020 жылПольша сенаторы Гжегож Челейдің айтуынша, халық тарапынан түсетін ұсыныстардың негізінде дәрінің ресми атауы рәсімделеді.

Польша мамандары әлем бойынша алғаш рет коронавирусқа қарсы тиімді дәріні шығарғанын мәлімдеді. Бүгінде жаңа препараттың клиникалық сынақтарына дайындық жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды sputniknews  сайты.

Медициналық препарат коронавируспен ауырып шыққан адамдардың қан плазмасынан жасалып отыр. Клининалық сынақтар Люблин, Бытом, Белосток пен Варшава орталықтарында өтеді. Сол кезде коронавирусқа қарсы жаңа дәрі 400 пациентке егіледі.

Ресми мәліметке сәйкес, 23 қыркүйекте COVID-19-ға қарсы алғашқы препаратты өндіру жұмыстары аяқталды. Соның аясында anti-SARS-CoV-2 иммунды глобулиннің үш мыңнан астам ампуласы шығарылды. Мамандар алдымен сапасын тексеріп, арнайы тесттер жасайды. Одан кейін оны клиникалық сынақтарға жібереді. Алдын ала зерттеулер жаңа препараттың тиімділігін растады.

«2020 жылдың төртінші тоқсанында коммерциялық емес клиникалық сынақтар үшін препараттың тағы бір партиясы шығарылады», – дейді Biomed Lublin S.A. компаниясының басшысы Марцин Пирог.

Польша сенаторы Гжегож Челейдің айтуынша, жаңа препараттың атауы жоқ. Халық тарапынан түсетін ұсыныстардың негізінде дәрінің ресми атауы рәсімделеді.

«Біз бірінші болып COVID-19-ға қарсы препаратты шығардық. Дәрінің құрамында антиденелер бар. Олар SARS-CoV-2-ні жоя алады. Жаңа препарат коронавирустан жазылып шыққан поляк азаматтарының арқасында жасалды. Сондықтан поляктар оны бірінші болып алады және оның атауын ойлап табуға міндетті. Біз ұсыныстарды күтеміз», – деді Челей арнайы баспасөз мәслихатында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған