2021 жылы қазақстандық оқытушылардың жалақысы қаншаға өседі?

raoaopropropop Жаңалықтар

Atr.kz/21 қазан, 2020 жыл. Жаңа жылдан бастап оқытушылардың жалақысы қаншаға өсетіні айтылды.

Жоғары және жоғары орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаевтың айтуынша, ұлттық мәртебесі бар жоғары оқу орындарында оқытушылардың жалақысы 55 процентке дейін өсіп отыр. 

«Мәселен, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті шілде-тамыз айларында жалақыны 48 процентке көтеруді жоспарлаған. Ал іс жүзінде университет бойынша жалақының мөлшері 55 процентке өсті. Осылайша, орташа жалақы 284 424 теңгені құрады» деді ол.

Жалпы, биылғы оқу жылында оқытушылардың орташа жалақысы 302 079 теңгеге жетті. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жалақыны 14 процентке көтеріп,  247 829 теңгеге дейін жеткізсе, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде орташа жалақы 209 051 теңгені (23 процент) құрады. 

Атырау мұнай және газ университеті – 170 743 теңге (44%);

  • Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті – 254 599 теңге (өсім 58%);
  • Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті – 196 509 теңге (49%);
  • Рудный индустриалдық университеті – 250 160 теңге (43%);
  • Карағанды мемлекеттік техникалық университеті – 217 725 теңге (43%);
  • Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті– 264 005 теңге (42%);
  • Жансүгіров атындағы Жетісу университеті – 230 432 теңге (42%);
  • Павлодар педагогикалық университеті – 189 287 теңге (41%);
  • Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті – 142 408 теңге (40%);
  • Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті – 190 800 теңге (37%);
  • Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті – 242 256 теңге (29%);
  • Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті  – 166 473 тенге (29%);
  • Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті – 233 000 теңге (25%);
  • Қарағанды индустриалдық университеті – 226 994 теңге (29%);
  • Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті – 181 854 теңге (27%);
  • Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті – 154 217 теңге (27%);
  • Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті – 206 550 теңге (25%);
  • Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті – 228 605 теңге (15%);
  • Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті – 223 110 теңге (18%);
  • Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті – 212 000 теңге (13%);
  • Арқалық педагогикалық университеті – 226 550 теңге (20%);
  • Байтұрсынов атындағы Костанай өңірлік университеті – 176 488 теңге (7%);
  • Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті – 237 076 теңге (36%).

«Atr.kz»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз