Үшінші сынып оқушысы Мемлекет басшысына өзі жасаған жұмыс үстелі органайзерін сыйлады

11e4d7a9 ccfa 4278 8375 9b1c380bbbd0 Жаңалықтар

Үшінші сынып оқушысы Сәлім Көпеев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзі жасаған жұмыс үстелі органайзерін сыйға тартты, деп хабарлайды Ақорда.

«Мен кездесуге де кешігіп қалдым, дәретханада болған едім. Мынау сізге сыйлық, үстелге арналған органайзер. Парта үсті үнемі мектеп заттарымен былығып жатады. соларға алаңдап, үлгермей қаласың. Әкем екеуіміз барлық сыныпқа арналған осындай органайзердің жобасын жасадық. Оны өзім басып шығардым», – деді Сәлім Көпеев.

Президент жас өнертапқыштың сыйлығын ризашылықпен қабылдап, оған сәттілік тіледі.

«Жақсы жұмыс істедің», – деген Қасым-Жомарт Тоқаев оқушымен бірге естелік суретке түсті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз