ШҰҒЫЛ: Атырауда тағы 92 адам коронавирус жұқтырды

200413110856559e COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/13 мамыр, 2020 жыл. Осылайша,  өңірде  коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 432 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

Штаб ақпаратына сәйкес, індет жұқтырғандардың арасында 90 адам – Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің қызметкерлері. Атап айтқанда, 83 ер адам және 7 әйел.

Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталу үстінде, барлығы медициналық бақылауға алынған. Инфекция ошақтарына да дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– Ал, Covid-19 жұқтырған тағы екі жағдай Атырау қаласында тіркелді. Олар 52 жастағы әйел мен 27 жастағы ер адам. Олармен байланыста болған адамдардың тізімі жасалып, ауру ошағына дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде, – деп мәлімдеді Жедел штаб.

2020 жылғы 13 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында COVID-19 індетін жұқтырғандар саны  432-ге жетті,  оның  ішінде 359 адам – Теңіз кенішінің жұмысшылары.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз