whatsapp image 2019 11 15 at 13.55.30

Атырауда Исатай Тайманұлына ескерткіш орнатылды (+ФОТО)

Аудан хабарлары Жаңалықтар Мәдениет Рухани жаңғыру ФОТОГАЛЕРЕЯ

Atr.kz/15 қараша, 2019 жыл. Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылында халық батыры, XVIII ғасырдағы соңғы хан билігіне қарсы ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшысы болған Исатай Тайманұлына ескерткіш ашылды.

Исатай Тайманұлына арналып салынған ескерткіштің авторы ҚР суретшілер одағының мүшесі, мүсінші  Серік Матениязов. Биіктігі 12 метр болатын ескерткіш таза қоладан құйылған. 

Салтанатты шараға арнайы қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов Исатай батыр ескерткішін республикадағы ең еңселі әрі тұғырлы мүсіннің бірі  екендігін атап өтті. 

whatsapp image 2019 11 15 at 13.55.30 1
whatsapp image 2019 11 15 at 13.55.32

–    Мұндай шоқтығы биік алып ескерткіштің нақты Исатай ауданында ашылуы заңды құбылыс.Бұл істің басы-қасында болып, ойға алған жоспардың ойдағыдай орындалып, уақытылы орнатылғаны үшін жергілікті жауапты тұлғаларға алғыс бідіремін. Бүгінгі біздердің міндетіміз – ұлы тұлғаларымызды ұлықтау. Осы арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Найза ұстаған айбарлы Исатай батыр ескерткіші республикадағы ең еңселі әрі тұғырлы мүсін. Барша исатайлықтарды айтулы мерекемен құттықтаймын, – дейді Серік Шапкенов. 

Бір минут үнсіздіктен соң ескерткішті облыстық ардагерлер қоғамының төрағасы Қатимолла Ризуанов, облыстық ауған соғысы ардагерлері қоғамы төрағасының орынбасары  Бейімбет Нариманұлы және ауған соғысы жауынгерінің жесірі Қалима Абуова ашты.  

Айта кетейік, шара аясында облысқа танымал ғалым Амангелді Шамғоновтың Исатай Тайманұлы туралы жақында ғана көрген жаңа кітабының тұсауы кесілді.  

whatsapp image 2019 11 15 at 13.55.31 1
whatsapp image 2019 11 15 at 13.55.31

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған