Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

ШҰҒЫЛ: Атырауда коронавирус жұқтырушылар саны көбеюде

Аtr.kz/22 маусым, 2020 жыл. Өңірде тәулігіне 20-30 науқас инфекциялық және провизорлық стационарға жіберіледі, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

№2 Атырау облыстық ауруханасында науқастарға 180 кереует қарастырылған, ал, қазіргі уақытта мұнда 200-ге жуық науқас бар. Орын жетіспеушілігінен туындаған мәселелерді шешу үшін Махамбет ауданының туберкулез ауруханасында 100 орындық инфекциялық бөлімше ашылды. Бүгіннен бастап аталмыш бөлімге ауруы жеңіл ағымда өтіп жатқан шамамен 15-20 науқас жіберілетін болады. Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді.

-Жұмыс күшейтілген режимде жүргізілуде. Қазіргі жағдай шиеленіске толы. Осыған қарамастан, медицина қызметкерлері барлық науқастардың жағдайын қадағалап, ем жүргізіп жатыр. Келіп түскендердің арасында жағдайы ауыр хәлдегі азаматтар да бар. Біз оларды реанимация бөлімшелеріне және инфекциялық стационарға жібереміз. Барлық дәрігерлер әдеттегідей жұмыс істейді. Медицина қызметкерлеріне ауыр жүк артылып отыр.

Қазіргі уақытта орын жетіспеушілігі мәселесі де шешімін табуда Сонымен қатар, аудандарды дәрі-дәрмектермен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуде проблемалар туындамайтындығын айта кеткен жөн. Олар жеткілікті мөлшерде қол жетімді. Мен облыс тұрғындарын отбасын және өзін індеттен қорғап, қоғамдық орындарға барудан аулақ болуға шақырамын. Медициналық маска киіп, қолдарыңызды үнемі жуып жүріңіздер. Өйткені, коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығы кез-келген адамға байланысты, — деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Айта кетейік, облыс орталығында COVID-19 диагнозын диагностикалау үшін «Ұлттық сараптама орталығы», «Олимп» және Спидцентр зертханасы жұмыс істейді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button