Қазақстандықтар 272 968 теңге жалақы алады

c99eab379ff192be5265f32a6e97619f xl Жаңалықтар

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы ақпанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 272 968 теңгені құраған.

«2022 жылғы қаңтардағы бағалау бойынша, халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы 136 243 теңгені (алдын ала деректер) құрады, бұл 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда 11,5%-ға жоғары. Көрсетілген кезеңдегі нақты ақшалай кірістер 2,8%-ға өсті.

Яғни, 2022 жылғы ақпан айындағы көрсеткішке сәйкес, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 272 968 теңгені құрады. Бір жыл ішінде қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 18,6%-ға өсті.

Ақпан айында жұмыссыздар саны 451,3 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 4,9% құрайды.

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелген адам саны 161,9 мың адамды немесе жұмыс күшінің 1,7%-ын құрап отыр» делінген хабарламада.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз